ҚАР
Астана қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы жауын-шашынның (қар) мол жауына байланысты Астана қаласының коммуналдық қызметтері тәулік бойы қарды жинау жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлайды. Алайда жолдың жүріс бөлігінен, сонымен қатар тұрғын үйлердің орамішілік аумағынан уақтылы қарды алуға кедергі келтіретін жағдайлар орын алған (автокөліктер кез келген жерге қойылған).
Астана қаласы ПД басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарынан қар жинау жұмыстарына түсіністікпен қарауды және қар жинауға кедергі келтіретін автокөліктерін алып тастауды сұрайды.
Сонымен қатар, жол жүру ережелерін қатаң сақтап, абай болуларын. Жаяу жүргіншілерді жолды рұқсат етілген жерден өтуді сұраймыз.
[xfvalue_img]