Астана автобустарына тегін жол жүру қызметін енгізуге Сәпиев қарсы шықты
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев Астана автобустарына тегін жол жүру қызметін енгізу бастамасына қатысты пікір білдірді, деп xабарлайды Today.kz.
"Меніңше бұл дұрыс емес. Өйткені біреу автобуспен жүреді, біреу жүрмейді. Нақты қаражатқа, сол үш мың теңгеге сатып алуға болатын жол жүру билетін жасау керек, автобуста жүретіндер сол билетпен төлейді", - деді Сәпиев.
Қажет болса, Сәпиев бұл мәселені депутаттар талқылайтынын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Астана автобустарына тегін жол жүру қызметін енгізу мәселесін Әсет Исекешев көтерген болатын.
[xfvalue_img]
7 пікір