Полиция Батырхан Шүкеновтың жеке куәлігін сатпақ болған адамды тергеуді бастады
Полиция Батырхан Шүкеновтың жеке куәлігін сату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Today.kz ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат Департаментінің директоры Алмас Садубаевқа сілтеме жасап.
Батырхан Шүкеновтың жеке куәлігін сату дерегі ҚР ҚК 383 бабы бойынша тергелуде.
"Сатушының сөзінше, жеке куәлікті ол тауып алған соң осы күнге дейін сақтаған. Бұдан әрі ол сатуға қойған. Бірақ қоғамдық талқылауға ұласқан соң, ол жеке куәліктің көзін жойған", - деді Садубаев.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Тегін хабарландыру ілінетін қазақстандық сайттардың бірінде Батырхан Шүкеновтың жеке куәлігі сатылымға қойылған болатын.
[xfvalue_img]
7 пікір