Уақыт жаңа валютаға айналды: тұтыну экономикасы қалай өзгеруде

Уақыт жаңа валютаға айналды: тұтыну экономикасы қалай өзгеруде

2026 жыл бизнес үшін бетбұрысты кезең болды. Осыданбірнеше жыл бұрын компания табысының негізгіфакторлары өнімнің бағасы мен сапасы болса, бүгінде бұлжеткіліксіз. Цифрландыру мен бәсекелестік қарқындыдамып, тұтынушылардың әдеттері жылдам өзгеріп жатқанәлемде, бизнестің сатып алушылардың қажеттіліктерінжедел қанағаттандыру қабілеті алдыңғы орынға шықты. Бұл туралы Glovo компаниясының Қазақстандағы бас менеджері Руслан Гамзаев Алматыда өткен New Vision Forum 2026 форумында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«Соңғы жылдары біз көптеген трансформациялар мен ауқымды өзгерістердің куәсі болдық. Соған қарамастан, 2026 жылды шын мәнінде бетбұрысты кезең деугеболады. Бұрын бизнес өнім сапасы мен бағасы арқылыбәсекелесетін, ал бүгінде бұл – тек базалық талап. Қазірклиенттің уақыты мен жайлылығы басты көрсеткішкеайналды. Тұтынушының талаптары бұрынғыдан да жоғары. Сондықтан дәл осы сәтте оның қажеттілігін өтейалған компания жеңіске жетеді», – деді Руслан Гамзаев.

Мұны тек жергілікті тәжірибе ғана емес, сондай-ақ Glovoплатформасы жұмыс істейтін 22 елдегі миллиондағанпайдаланушының мінез-құлқын талдау нәтижелері де растайды. Жедел жеткізу қызметі демалыс күндері ғанапайдаланылатын немесе ара-тұра қажет болатын ыңғайлысервис болудан қалып, адамдардың күнделікті дағдысынаәрі қалалық инфрақұрылымның ажырамас бөлігінеайналып келеді. Сарапшының айтуынша, клиенттер тек тапсырыстың жылдам жеткізілуін емес, күнделіктітұрмыстық мәселелерін кешенді түрде шешетінқызметтерді күтеді.

«Фен немесе электр ұстарасын уақытында жеткізу бірбасқа, ал жұмыс аптасының соңында отбасына арналғанкешкі асты жеткізу мүлде басқа жағдай, әсіресе сырттажаңбыр жауып тұрса. Мұндай кезде жауапкершілік те, күтілетін нәтиже де әлдеқайда жоғары болады», – дейдіРуслан Гамзаев. Оның айтуынша, бүгінде клиенттергеұсынылатын қызмет көрсету сапасын жетілдіруге ерекшемән берілуде.

Серіктестіктер өсудің жаңа драйверіне айналуда

Соңғы жылдардағы маңызды трендтердің бірі – серіктестік экожүйелердің дамуы. Руслан Гамзаевтыңайтуынша, жоғары бәсекелестік жағдайында компанияларкөбіне жеке әрекет ету арқылы емес, нарықтың басқақатысушыларымен тиімді ынтымақтастық орнату арқылытабысқа жетуде. Осы тұрғыда Glovo-ның халықаралықлогистикалық тәжірибесін Kaspi.kz-тің цифрлықэкожүйесімен біріктіру – айқын мысал.

«2026 жылы ірі ойыншылар синергия қалыптастырып, бизнесті дамыту үшін өзара тиімді байланыстар орнатабілуі тиіс. Өткен жылдың қазан айында басталғансеріктестік аясында Kaspi Glovo платформасына жаңапайдаланушылардың елеулі бөлігін тартып, Қазақстандағы тапсырыстар көлемінің тұрақты өсуінеықпал етуде», – деді сарапшы.

Серіктестік тек платформалардың өздерінің дамуына ғанаемес, шағын және орта бизнеске де қолдау көрсетеді. Қазіргі уақытта Glovo-мен 3 мыңнан астам жергіліктісеріктес жұмыс істейді. Олардың қатарындамейрамханалар, дәмханалар мен дүкендер бар. Халықаралық Statista+ талдау компаниясының зерттеуінесәйкес, платформаны пайдалану шағын және орта бизнеске қосымша өсу мүмкіндіктерін ашып, физикалықинфрақұрылымды кеңейтуге инвестиция салмай-ақайналымды орта есеппен 26%-ға арттыруға мүмкіндікбереді. Сауалнамаға қатысқан компаниялардың шамамен43%-ы жеткізу қызметінен түсетін табысының 25–50%-ғаөскенін хабарлаған.

«Платформадағы әрбір қатысушы бір-бірінің әлеуетінкүшейтеді. Клиенттер сұраныс қалыптастырады, кәсіпкерлер ұсынысты кеңейтеді, ал курьерлер сервистіңқолжетімділігін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде олардыңбарлығы экономика өсіміне өз үлесін қосады», – дедіРуслан Гамзаев.

Оның айтуынша, Glovo компаниясының Қазақстанэкономикасына жыл сайын қосатын үлесі 100 млн еуродан асады. Бұл көрсеткіш компанияның елдегі жекеайналымынан да жоғары.

 Жасанды интеллект – күнделікті тиімділіктің құралы

2026 жылы компаниялардың бәсеке қабілеттілігіне әсерететін тағы бір маңызды фактор – жасанды интеллект технологияларын жедел енгізу қабілеті. Руслан Гамзаевтың пікірінше, жасанды интеллект бүгіндеэксперимент немесе болашақ технологиясы болуданқалды. Шығындардың өсуі жағдайында ескі операциялықмодельдер елеулі шығындарға әкелуі мүмкін.

«Жасанды интеллект енді болашақтың қандай болатынытуралы емес. Ол – бизнестің күнделікті тиімділігі мен рентабельділігін қамтамасыз ететін базалық құрал. Платформа жұмысының негізінде ауа-райы жағдайын, жолдағы ахуалды, тапсырыстың дайындалужылдамдығын және басқа да көптеген факторларды әрсекунд сайын талдайтын алгоритмдер жатыр. Бұллогистикалық процестерді барынша тиімді басқаруғамүмкіндік береді», – деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, жасанды интеллектіні қолданулогистикамен ғана шектелмейді. Ол серіктестердіңматериалдары негізінде маркетингтік бейнероликтержасауға, заңды құжаттарды автоматты түрде талдауғапайдаланылады. Клиенттерге қолдау көрсету қызметініңмамандары AI-чатботтардың көмегімен оқытылады. Бұдан бөлек, жасанды интеллект рекрутинг процесіндежәне қызметкерлерді іріктеу сапасын бағалауда да кеңіненқолданылады.

Алайда ұзақ мерзімді даму тек жаңа технологиялардыенгізумен шектелмейді. Ол жаңа идеялардың пайдаболуына қолайлы орта қалыптастыруды да талап етеді.

«Инновация дегеніміз – тек код емес. Бұл – мәдениет. Жаңа шындыққа бейімделу үшін бизнес бір мезгілде екіміндетті шешуі керек: тиімділікті арттыру мақсатындажасанды интеллектіні енгізу және икемділікті сақтау. Дәлосы үйлесім нарықтағы өзгерістерге жедел әрекет етугежәне жаңа даму бағыттарын табуға мүмкіндік береді», – деп қорытындылады Руслан Гамзаев. 

Glovo туралы

Glovo — мейрамханалардан тағам, дүкендерден азық-түлік және қала ішіндегі басқа да тауарларды сатып алуға әрі жеткізуге мүмкіндік беретін технологиялық платформа. Компания 2015 жылы Барселона қаласында құрылған және бүгінде Еуропа, Орталық Азия мен Африканың 22 елінде жұмыс істейді. Glovo-ның миссиясы — әр адамға өз қаласындағы кез келген нәрсеге санаулы минут ішінде қол жеткізуге мүмкіндік беретін ең ірі онлайн-маркетплейсті құру.

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.