Ресми мәлімдеме
10.04.26ж.
Сейфуллин атындағы тұрғын үй кешенінде болған оқиғаға қатысты бейнежазбаның таралуына байланысты, Glovo компаниясы келесіні мәлімдеуді қажет деп санайды: аталған адам 2025 жылғы 25 қыркүйектен бастап Glovo-мен байланысты емес.
Glovo компаниясы курьерлерді қосу және қызмет сапасын бақылау барысында қатаң стандарттарды ұстанады. Платформа белгіленген этикалық және кәсіби нормаларға сәйкес келмейтін тұлғаларды жедел анықтап, толық бұғаттауға мүмкіндік беретін мониторинг жүйесін қолданады. Тиісті шаралар аталған оқиғадан әлдеқайда бұрын қабылданған.
Glovo компаниясы тергеу аясында құқық қорғау органдарымен толық көлемде ынтымақтастық жасауға дайын.
Біз орын алған жағдайға байланысты шынайы алаңдаушылығымызды білдіреміз және мұндай әрекеттер компания құндылықтарына түбегейлі қайшы келетінін атап өтеміз.
Glovo туралы
Glovo – пайдаланушыларды, бизнесті және курьерлерді байланыстыратын жетекші технологиялық платформа. Компания жергілікті мейрамханалар мен азық-түлік дүкендерінен бастап супермаркеттер мен бөлшек сауда нүктелеріне дейін сұраныс бойынша көпсанатты қызметтер ұсынады. Электронды коммерцияның жаңа буыны – Q-commerce бағытындағы пионерлердің бірі ретінде Glovo әрбір адам өз қаласындағы кез келген тауарлар мен қызметтерге санаулы минуттар ішінде қол жеткізе алатын ең ірі онлайн маркетплейсті құруды мақсат етеді. 2015 жылы Барселонада негізі қаланған компания бүгінде Еуропа, Орталық Азия және Африканың 23 елінде жұмыс істейді.
[xfvalue_img]
