Салық міндеттемелері күнтізбесі: 2026 жылғы ақпандағы маңызды мерзімдер

Салық міндеттемелері күнтізбесі: 2026 жылғы ақпандағы маңызды мерзімдер

2026 жылғы ақпан айында салық төлеушілер 2025 жыл үшін тоқсандық және жартыжылдық салық есептіліктерін уақытылы тапсырып, бюджетке міндетті төлемдерді төлеуі қажет. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті белгіленген мерзімдермен алдын ала танысып, барлық міндеттемелерді уақтылы орындауға шақырады. Бұл өсімпұлдар мен басқа да жағымсыз салдардың алдын алуға мүмкіндік береді. 

САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТЕРІ:

16 ақпан:

  • 03, 101.04 нысандары 4-тоқсанға резиденттер мен бейрезиденттердің табыстарынан төлем көзінен ұсталған КТС бойынша есептер;
  • ⁠200.00 нысаны – 4-тоқсанға ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация;
  • ⁠300.00 нысаны – 4-тоқсанға ҚҚС бойынша декларация;
  • 00 және 421.00 нысандары – желтоқсан айына акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп;
  • 00 нысаны – 4-тоқсанға экспортқа салынатын ренталық салық;
  • ⁠590.00 нысаны – 4-тоқсанға пайдалы қазбаларды өндіру салығы;
  • 01 нысаны – 2026 жылға мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу, есептелген салық сомасы 300 АЕК-тен асқан жағдайда;
  • 00 нысаны – 4-тоқсанға ойын бизнесіне салық;
  • ⁠880.00 нысаны – 4-тоқсанға цифрлық майнинг үшін төлем бойынша декларация;
  • 00 нысаны – 2-жартыжылдыққа арналған оңайлатылған декларация;
  • 00 нысаны – 4-тоқсанға бөлшек сауда салығы бойынша АСР декларациясы.

20 ақпан:

  • 00 нысаны – қаңтар айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.

 

ТӨЛЕМДЕР:

5 ақпан:

  • Қаңтарда алынған табыстары бойынша жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жеке табыс салығы.

20 ақпан:

  • Қаңтар айына ЕАЭО-да ҚҚC;
  • Қаңтар айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда.

25 ақпан:

  • Ақпан айына КТС бойынша аванстық төлемдер;
  • ⁠Қаңтар айында төленген табыстардан төлем көзінен ұсталған КТС, ЖТС;
  • Қаңтар айында төленген табыстардан КТС, ЖТС;
  • 2-жартыжылдық үшін оңайлатылған декларация бойынша КТС, ЖТС, әлеуметтік салық.
  • 4-тоқсанға бөлшек салық режимі қолданатын салық төлеушілерге КТС, ЖТС;
  • ⁠4-тоқсанға ҚҚС, экспортқа рента салығы, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, ойын бизнесіне салық, цифрлық майнинг үшін төлем;
  • Заңды тұлғалардың мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер;
  • Жер учаскелерін пайдалану, су ресурстарын пайдалану, қоршаған ортаға теріс әсер ету, радиожиілік спектрін пайдалану, сыртқы (визуалды) жарнама орналастыру үшін төлемдердің ағымдағы төлемдері;
  • Қаңтар айына әлеуметтік салық, бірыңғай төлем, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ. 

Есептіліктерді тапсыру, салықтар мен төлемдерді төлеу туралы толық ақпаратпен Департаменттің сайтынан және @mkdalmaty_dgdalmaty Instagram парақшасынан, сондай-ақ 1414/3 нөмірі бойынша білуге болады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.