ҚР Президентінің кеңесшісі СҚО полицейлерімен кездесті

ҚР Президентінің кеңесшісі СҚО полицейлерімен кездесті

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің қатысуымен ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлик Отарбаевпен жұмыс кездесуі өтті. Жиын «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру мәселелеріне арналды. 

Облыстық полиция ведомствосының бастығы полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов өңірдегі криминогендік жағдай туралы баяндама жасады. Ол СҚО ПД қызметі Мемлекет басшысының тапсырмалары мен бағдарламалық құжаттарын нақты орындауға, «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыруға, «сервистік полиция» және құқық бұзушылықтарға «мүлде төзбеушілік» қағидаттарына негізделгенін атап өтті. 

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2025 жылдың 5 айында қылмыс саны 14,4%-ға төмендеді — 2024 жылдың сәйкес кезеңіндегі 1504 фактімен салыстырғанда 1288 дерек тіркелді. Интернет-алаяқтық фактілерінің тіркелуі 2%-ға өскені байқалады. Бұл көрсеткіш полиция қызметкерлерінің өз бастамасымен 20 алаяқтық эпизодын анықтап, Петропавл қаласында sim-box жабдықтарының 4 станциясының жұмысын тоқтатуының нәтижесінде орын алды. 

Кездесу барысында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, ашу және жолын кесу бойынша полицейлердің қызметінің барлық аспектілері қаралды. Сонымен қатар, заманауи жоғары технологиялық шешімдер мен қоғаммен тікелей диалогқа бағытталу мәселелері де талқыланды. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/qr-prezidentining-kengesshisi-politsejlermen-kezdesti/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.