Астана қаласының прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Астана қаласының прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Астана қаласының прокуроры Ерлан Өтегеновтің төрағалығымен  алаяқтыққа, оның ішінде интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша құқық қорғау, арнайы және уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.

Отырыста профилактикалық іс-шараларды күшейту нәтижесінде ағымдағы жылдың 1 тоқсанында Астана қаласында алаяқтық қылмыстарының 20,8% (2 154-тен 1 707-ге дейін), оның ішінде интернет-алаяқтықтың 4,8% төмендеуі (1 094-тен 1 042-ге дейін) атап өтілді.

Ұлттық банктің «Antifraud-Center» жүйесімен өзара іс-қимыл банктік шоттарды бұғаттау және жымқырылған ақшалай қаражатты заңды иелеріне қайтаруға мүмкіндік берді.

Қызмет барысында 2 Call-орталық, сондай-ақ алаяқтар қашықтан қоңырау шалу үшін қолданатын 4 Sim-бокс құрылғысы анықталды.

1200-ден астам күмән тудыратын интернет-ресурстар бұғатталды.

Қатысушылар мұндай қылмыстарды ашу, жымқырылған ақшалай қаражаттарды қайтару және алаяқтық интернет-ресурстарын бұғаттаумен байланысты өзекті мәселелерді талқыға салды.

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау бойынша аудандық комиссияларды құру туралы шешім қабылданды.

Алаяқтық және жасөспірімдердің қылмыстарына қарсы іс-қимыл саласында қала прокуратурасымен «Кибер-қалқан» және «Жас үміт» жобалары бекітілді. Олар бойынша уәкілетті органдармен бірлесе бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды.

Отырыс нәтижесінде алаяқтыққа қарсы күрес бойынша бірлескен шаралар әзірлеу, киберқылмыстар бойынша жедел-іздестіру шараларының тиімділігін арттыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында қылмыстардың алдын алу шараларын күшейту, тәуекел топтарына жататын жасөспірімдерге атаулы көмек көрсету, өзара ведомствоаралық іс-қимылды дамыту, спорттық іс-шараларын  ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Астана қаласының прокуратурасы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.