СҚО полиция департаментінің қызметкерлері ұстаған алаяқ 16 эпизод бойынша сотталды

СҚО полиция департаментінің қызметкерлері ұстаған алаяқ 16 эпизод бойынша сотталды

Солтүстік Қазақстан облысында өткен жылы 756 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді, оның 180-нен астамы тегін хабарландыру сервистері және әлеуметтік желілер арқылы тауарлар мен қызметтерді сатумен байланысты.

Өткен жылы СҚО ПД криминалдық полиция қызметкерлері Қазақстан қалаларында, негізінен Петропавлда, шын мәнінде жоқ пәтерлерді белсенді түрде «жалға беріп келген» Алматы облысының 33 жастағы тұрғынын анықтап ұстады.

Ол пәтерлердің фотосуреттерін интернеттен алып, танымал сайттарда хабарландырулар орналастырған және хабарласқан әр клиентке пәтерді әлдебіреулер сұрап қойғанын айтып сендірген, алайда алдын ала төлем жасалса, жалға беруге келісетінін айтқан.

Бұл үшін ол 5 мыңнан 45 мың теңгеге дейінгі төлемді талап еткен, ал ақша қолына тиген соң, алданған адамның нөмірін бұғаттап, байланысқа шығуды тоқтатқан. Мұқият жүргізілген тергеуден кейін полицейлер осы істі 16 эпизод бойынша сотқа жіберді. Қазіргі уақытта алаяқ шартты түрде төрт жылға сотталды.

Полицейлер адамдарды мұқият болуға шақырады. Егер сіз сатушының әрекетіне сенімді болмасаңыз, интернетте тауарлар мен қызметтер туралы хабарландырулар бойынша алдын-ала төлем жасауға келіспеңіз.

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/sqo-da-politsiya-quryqtaghan-alayaq-16-epizod-bojynsha-sottaldy/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.