Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік органдар мен мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды
Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалы ұйымдастырған «Қазақстан өңірлерінде мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру: трендтер мен перспективалар» өңірлік конференциясы өтті. Қатысушылардың басты назары сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға және мемлекеттік сатып алулардағы бұзушылықтардың алдын алу шараларына аударылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары заңнаманың негізгі аспектілері туралы айтып, барлық рәсімдік нормаларды сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Мәселен, ағымдағы жылдың қараша айында «Солтүстік» ӘКК» АҚ қымбат жиһазды ұтымсыз сатып алуына жол берілмеді, бұл 3 млн теңге бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында «Бірыңғай сатып алу терезесі» жобасын іске асыру арқылы жыл басынан бері 1,5 млрд теңге сомасында бюджет қаражатының ұтымсыз жұмсалуын болдырмау үшін 59 ұсыным енгізілгені айтылды. Мемлекеттік сатып алулардағы ашықтық пен адалдық — бұл заңның талаптары ғана емес, сонымен қатар қоғам мен бизнес тарапынан сенімнің негізі.
[xfvalue_img]