2022 жылы Қазақстанда әрбір оныншы компания кибероқиғадан 2,5 млн теңгеге шығындалған
Қазақстандағы әрбір оныншы компания 2022 жылы кибероқиға салдарынан 2,5 млн теңгеге дейін, ал әрбір жиырмасыншы компания 8 млн теңгеден астам шығынға ұшыраған. Бұл «Касперский зертханасы» сауалнамасының деректері*. Киберқауіптердің салдарынан қаржылық шығынға компаниялардың кем дегенде үштен екісі (65%) ұшырапты. Залалды бағалау кезінде тоқтап қалу, кірістердің жоғалуы, сондай-ақ мамандардың қосымша қызметтеріне жұмсалатын шығындар ескерілді.
Көп жағдайда ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары жабдықтың істен шығуына әкеп соққан (36%). 17% жағдайда жеке деректер жоғалған, 14% — құжаттар мен файлдар, 6% — клиентпен немесе мердігермен келісімшарт бұзылған, 5% — компания акцияларының бағасы төмендеген. Салдарынан шамамен әрбір үшінші ұйым (30%) ақпараттық қауіпсіздік шығындарын ұлғайтуға мәжбүр болды, әрбір төртінші кәсіпорында (23%) ішкі саясат өзгертілді.
«Киберқауіпсіздік оқиғалары бизнесте шығында айтарлықтай көбейтуі мүмкін. Көптеген компания бұл қаражатты қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға — жалақыны көтеруге (41%), оқуға (36%), әлеуметтік пакетке (27%), кеңсені дамытуға (21%) немесе жаңа жобаларға инвестициялауға (29%) жұмсауға болатынын айтып отыр. Киберқауіптердің қаржылық залалын болдырмау үшін бизнес кешенді қорғау мәселесімен айналысу керек. Ең алдымен, біз компанияларға корпоративтік инфрақұрылымның киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сенімді шешімдерді пайдалануды ұсынамыз. Сонымен қатар, қызметкерлерді өзекті қауіптер туралы білуі және алаяқтардың қолындағы құралға айналмауы үшін цифрлық сауат негіздеріне үйрету маңызды», - деп атап өтті «Касперский Зертханасының» Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолиядағы басқарушы директоры Валерий Зубанов.
* Сауалнаманы OnIn агенттігі «Касперский Зертханасының» тапсырысы бойынша 2022 жылғы желтоқсан — 2023 жылғы қаңтар айларында жүргізді. Оған Қазақстанда жұмыс істейтін 100-ден астам АТ-маман қатысты.
[xfvalue_img]
33 пікір