Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
Кездесуде Президент Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары туралы баяндалды. Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, мүфтият осы жылды «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» деп жариялаған. Осыған байланысты елімізде жыл бойына аталған тақырыпта форумдар өткізіледі. Сонымен қатар дін мен дәстүрді сабақтастыра отырып, жас қыз-келіншектерді имандылыққа баулитын «Әжелер мектебінің» ашылғаны жайлы айтылды.
Мемлекет басшысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ораза айында ұйымдастыратын шаралары туралы мәлімет берілді. Наурызбай қажы алдағы уақытта Түркітілдес елдердің Бас мүфтилерінің Алқасы құрылатынын жеткізді.
[xfvalue_img]
48 пікір