Онлайн дәріс өтті
Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеушілер онлайн түрде, дәстүрлі ислам діні туралы дәріс алды. Дәрісті Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті және облыстық ішкі саясат басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ –сі ұйымдастырды. Дәрісті өткізудің негізгі мақсаты сотталғандарға қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу және дәстүрлі ислам дінін салт-дәстүрімізбен сабақтастыра отырып түсіндіру.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы Асқар Жұбанов сотталғандарға «Мұсылмандар арасындағы ынтымақ пен бірлік» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Дәріс барысында адам бойындағы асыл адамгершілік қасиеттер: имандылық, әдептілік, мейірбандық, шыншылдық туралы мағұлмат беріп, болған оқиғалардан мысалдар келтірді.
Ислам діні, рухани -адамгершілік құндылықтар туралы мағұлмат алған сотталғандар, онлайн барысында сұрақ қойып, тұщымды жауаптарын алды.
Қызылорда облысы ҚАЖД
ЗК-169/5 мекемесі
[xfvalue_img]