Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы
Бүгін Ақмола облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы брифинг өтті. Спикер ретінде Ақмола облысы бойынша МҚІА Департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Әділбек Мұхамеджанов баяндама жасады.
Спикердің ақпаратына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Департаментпен тұрақты негізде бақылау іс-шаралары өткізіледі. Жыл басынан бері 46 тексеру жүргізілді, оның 35-і азаматтардың өтініштері бойынша жүргізілді.
«35 ұйғарым енгізілді, 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның 7 - басшылық лауазымды иеленетін тұлғалар. Жалпы сомасы 148 767 теңгеге 3 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды» - деді А.Мұхамеджанов өз сөзінде.
Сондай-ақ, спикер өтініштерді қарау және азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру туралы хабардар етті. Оның айтуынша, өз құқықтарын қорғау үшін Департаментке 45 азамат жүгінген, 17 жағдайда өтініш берушілердің дәлелдері расталды және олар бойынша тиісті шаралар қабылданды. Мысалы, бұл жер учаскесін пайдалану құқығын беру, субсидия төлеу мәселелері.
Жазира Тоқтар, ҚР МҚІА Ақмола облыстық департаментінің баспасөз хатшысы
[xfvalue_img]
7 пікір