Ақмола облысында жыл басынан бері шамамен 1 млн. 600 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді

Ақмола облысында жыл басынан бері шамамен 1 млн. 600 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Әділбек Мұхаметжановтың қатысуымен брифинг өтті.

Өз сөзінде спикер жыл басынан бері мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс қорытындылары туралы хабардар етті. Оның айтуынша, І тоқсанда облыста шамамен 1 млн. 600 мың мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның 94% - ы цифрлық форматта көрсетілген.

Пандемия кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету саласына қатысты өзгерістер жөнінде айтылды, мысалға халықтың цифрлық сауаттылығы артты, ЭЦҚ-ны қашықтан алу мүмкін болды, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына алдын ала бронь бойынша жазылу жұмыс істеуде.

«Осы саладағы жұмыс сапасын арттырудағы қоғамдық институттардың рөлін атап өтпеуге болмайды. Жергілікті атқарушы органдар арасында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу қорытындысы бойынша Ақмола облысы 4,73 балл немесе 80,3% жинап, бірінші орынға ие болды, мониторинг жүргізу кезінде көрсетілетін қызметті берушілердің ғимараттары мен сервистеріне қолжетімділік, көрсетілетін қызметтерді алу кезінде ыңғайлылық пен жайлылық, пайдалы ақпараттың қолжетімділігі, персонал мен виртуалды консультанттардың жұмыс сапасы, күту мерзімдері мен уақыты, шығындар, кері байланыс сияқты факторлар ескерілді» - деп атап өтті А.Мұхамеджанов.

Осы саладағы бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Департаментпен 15 бақылау іс-шарасы өткізілді, оның қорытындысы бойынша 7 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Өтініштерді сапалы қарауға, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау мен қалпына келтіруге ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, Департамент «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Ақмола облысы бойынша КЕАҚ филиалының Бұланды ауданының жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімінің тіркеу ісінен құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелерін бермеу фактісі бойынша азаматтың өтінішін қарады. Қарау қорытындысы бойынша жоғарыда көрсетілген құжаттар берілді және азаматтың құқықтары қалпына келтірілді.

Қорытындылай келе, А. Мұхамеджанов мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар мен мекемелер мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша уақтылы шаралар қабылдауы тиіс екенін айтты.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.