«ДІНИ ЕРЕЖЕЛЕР МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚОҒАМНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАҒИДАТЫ РЕТІНДЕ»
«ANTIKOR ORTALYǴY» алаңында #ANTIKOR.LIVE жобасы аясында «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Исенов Нариман Ермекұлы және Департамент басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлының қатысуымен «Діни ереже мен құндылықтар қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қағидаты ретінде» тақырыбында онлайн сұхбат өтті.
Тікелей эфир барысында Нариман Исенов елорда тұрғындарын адал, әділ болуға, парасаттылық қағидаттарын ұстануға, сондай-ақ қаланың адал мұсылмандарын Құрбан айт кезінде карантиндік шектеулерді сақтауға шақырды.
Бақытжан Ниязов Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы дін қызметкерлерінің рөлін атап өтіп, өз сөзінде дін өкілдері адамның рухани-адамгершілік жағдайын, мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын, сол арқылы адамдарда кез келген заң бұзушылыққа, оның ішінде сыбайлас жемқорлықты қабылдамауға төзбеушілікті тәрбиелейтінін атап өтті.
«Сыбайлас жемқорлық тек заңдармен ғана емес, сонымен қатар діндердің постулаттарымен де айыпталғандықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда біз діни қоғамдастықтың көмегіне жүгінеміз. Біз діни қызметшілердің жоғары адамгершілігі мен беделі халықтың мәдени құндылықтарын нығайтуға өлшеусіз үлес қосуға көмектесетініне сенімдіміз», - деп түйіндеді спикер.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті барлық нысаналы топтармен, оның ішінде дін өкілдерін тарта отырып, парасаттылық қағидаттары туралы түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізетінін атап өту қажет.
[xfvalue_img]
42 пікір