Астанада 300 мыңнан астам оқушы мен студент есірткінің зияны туралы диктант жазды

Астанада 300 мыңнан астам оқушы мен студент есірткінің зияны туралы диктант жазды

Мұндай шара елордада алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Аталған іс-шараның мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың таралуының алдын алу және жолын кесу, есірткі қылмысының салдары туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу. Есірткі – бұл үнемі жас ұрпақтың есіне салып отыруды қажет ететін өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай «Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаладағы колледждер мен жоғары оқу орындарының 1, 2-курс студенттерінен және жоғары сынып оқушыларынан есірткіні қолданудың зияны туралы қалалық диктант алды. Нашақорлықтың алдын алуға және есірткі қылмысымен күресуге бағытталған ауқымды шараға 300 мыңнан астам мектеп оқушысы мен студенттер қатысты. Жазбаша жұмыстармен қатар, полиция қызметкерлері студенттермен профилактикалық әңгімелесу өткізді.

Студенттерге нашақорлықтың салдары, нашақорлыққа тәуелділіктің қалыптасуы және психиканың бұзылуы, сонымен қатар есірткіні таратқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауаптылық көзделетіні туралы айтылды. Мұндай іс-шаралар жастардың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастырудың, құқықтық сауаттылығын арттырудың бір жолы саналады.

Бұл іс-шара жасөспірімдерді есірткіге, ішімдікке тәуелді болмауға, қылмыс жасамауға, өзінің жарқын болашағын ойлауға дәріптейді.

Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

157 пікір

  1. аватар
    Alisia 21 ноября 2026 17:14

    KYC checks confirm your identity and payment details, and a highest paying payid casino may request documents when you cash out.
    Complete identity verification before requesting a real-money withdrawal to reduce the risk of a
    review delaying payment. Their quick cycles suit players who want short sessions and fast settlement.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.