Мемлекеттік қызметші – ел айнасы

Мемлекеттік қызметші – ел айнасы

Мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн мемлекеттiк лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.

Елбасы мемлекетті тиімді басқаруы үшін мемлекеттік қызметшіде болуға тиісті негізгі қасиеттерді атап көрсетті. Бұл – моралдық жоғары жауапкершілік, кәсіптік білім, білімін тәжірибеде қолдана білу, адалдық, ақ ниеттілік, белсенді өміршеңді ұстаным. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезіне білуі және өз елінің патриоты болуы тиіс.

Мемлекеттік қызметші мемлекеттік биліктің айнасы секілді. Оның ар - ожданы биік, әділетті, талантты ұйымдастырушылық қабілеті бар екендігін қоғам бағалайды. Халық сенімі мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметті қаншалықты сапалы көрсеткендігіне қарап нығаяды. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші өз орнында халықтың мүддесіне қызмет етіп, көкейтесті мәселелерін заң шеңберінде шешуі талап етіледі.

 «Сіздердің барлықтарыңыз - жоғары билік өкілдерісіздер, сіздер - мемлекеттің бір бөлігісіздер және де сіздер нақты іс - қимылдардың үлгісі болуларыңыз керек», - деді елбасымыз Н.Ә. Назарбаев.

Мемлекеттік қызметші болу – бұл үлкен абырой мен міндет. Ол билік пен халық арасында байланыстырушы буын болып табылады. Сондықтан да көп нәрсе оның кәсіби біліктілігіне, жедел түрде ой қорытып, қандай да бір мәселелерді шешу жауапкершілігін өз мойнына ала білу дағдысын игергендігіне байланысты. Кез-келген деңгейдегі мемлекеттік қызметші лауазымы басқа мамандық тұрғысымен салыстырғанда мейлінше жоғары. Бұл - өзін-өзі жетілдірудің тұрақты жағдайы.

Мемлекеттік қызметші іс-әркетіне жауаптылықпен қарап, жоғары орындаушылық, өзіне және әріптестеріне талап қоя білу, тәртіптілік және мүлтіксіз адамгершілік қасиеттеріне ие болуы тиіс. Мемлекеттік қызметшінің сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы, әдептіліктің белгісі. Олардың моральдық-этикалық бейнесі мен кәсіби сапасына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі жоғары талап қояды.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауына мониторингті және бақылауды жүргізу үшін әдеп жөніндегі уәкілдер енгізілді.

Әдеп жөнiндегi уәкiл дегеніміз – қызметтiк әдеп нормаларының сақталуын қадағалайтын және мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексi талаптары бұзылуының алдын алуды назарда ұстайтын, сондай-ақ өз функциялары шегiнде мемлекеттiк қызметшiлер мен азаматтарға кеңес беретiн мемлекеттiк қызметшi.

Кез келген мемлекеттің жетістігі мен гүлденуі мемлекеттік қызметшілерінің тиімді және кәсіби қызметіне негізделеді. Осыған байланысты оны жетілдіру мәселелеріне мемлекеттің басшылығы тарапынан ерекше көңіл бөлінеді. Жыл сайын мемлекеттік аппарат жұмысының сапасы жақсарып, сонымен қоса қызметкерлерге қойылатын талаптар да жоғарылап отыр.

Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға айрықша назар аударылып, көңіл бөлінуде. Бұл жағдайда мемлекеттік қызмет жүйесінің дамуы саяси жүйенің, экономиканың, қоғамдық қарым-қатынастардың қалыптасуымен, мемлекеттік басқару жүйесінің оңтайландырылуымен тығыз байланысты. Кейбір адамдардың ойынша мемлекеттік қызмет дегеніміз күніге 8 сағаттық жұмыс қана, ал шындығында мемлекеттік қызмет дегеніміз тәулік бойы міндет пен жауапкершілік. Олай болса, мемлекеттік қызметкер болу - зор құрмет, ол халық пен мемлекет арасындағы алтын көпір қызметін атқарып тұрғандай, бұл өте жауапты да, қиын және қызықты қызмет екенін айтпасада анық.

2002 жылдың 20 желтоқсанында, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 57 отырысында 23 маусымын Мемлекеттік қызмет күні ретінде жариялау туралы қарар қабылданды және мемлекеттерге Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелері әр елде осы күнді анықтау үшін шақырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №716 Жарлығына сәйкес, 23 маусым– Мемлекеттік қызметші күні болып бекітілді.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілерінің саны 98 мыңнан астам, оның ішінде әйелдер саны 50 мың.

Ал еліміздің сот жүйесіне келер болсақ, 6203 мемлекеттік қызметші еңбек етеді.

Бүгін еліміздің алдына қойған мақсаты – озық отыз елдің ортасынан өз орнын табу. Мемлекет басшысы осы мақсатқа жету үшін, халқымызды ортақ мүддеге жұмылдыратын «100 нақты қадам» ұлт жоспарын ұсынған болатын.

Ұлт жоспарын жүзеге асыру халықтың әл-ауқатын жоғарылату үрдісінде мемлекеттік қызметшінің рөлі маңызды, өйткені олар мемлекеттік реформалардың бастаушысы болып табылады. Мемлекетпен жүзеге асырылатын шаралар азаматтардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған.

Адам құндылығына қызмет ету қашанда мерейлі екенін ойласақ, өз тағдырын сеніп тапсырып, кәсіби шеберлік пен біліктілігімізге сенім артқан жандардың көңілінен шығу қашанда қиын. Қазіргі жаһанданудың өрелі биігіне қол созған кезде тәуелсіз елімізді өркендету жолында еселі еңбек ету басты мақсатымыз.

 

Әскери соттың әкімшісінің

Персоналды басқару бөлімінің

(кадр қызметінің) бас маманы Ж. Жұмаш

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

90 пікір

  1. аватар
    Garland 4 ноября 2026 03:47

    Dabei handelt es sich um die größten Kreditinstitute auf dem deutschen Markt, sodass es gar nicht schwer ist, eine Bank mit Trustly-Nutzung zu finden. In Deutschland kannst du in einem lizenzierten Online Casino Trustly Einzahlung Casino für deine Transaktionen nutzen. Die in Deutschland lizenzierten Anbieter müssen dir die
    Möglichkeit geben, persönliche Limitierungen einzurichten. Für alle anderen Transaktionen müsstest du
    mit Zusatzaufwendungen rechnen. Bei der Auszahlung der Gewinne solltest du immer darauf achten, welche Konditionen das Casino für dich
    bereithält.

  2. аватар
    Lachlan 4 ноября 2026 04:05

    It’s a handy option for anyone looking to stick to a budget and avoid going overboard,
    especially when the games heat up and it’s easy to get carried
    away. Put simply, Neosurf casinos are online casinos that accept Neosurf
    as a payment method for deposits and, in some cases, withdrawals.
    Remember to read our detailed RollXO Casino review to familiarise yourself with
    every aspect of this platform’s work. For Australian players comfortable with that arrangement, we believe
    this site is a serious contender when you prioritise game variety, strong promotions, and fast
    banking. Check each brand’s free-spin terms for game restrictions before you commit a small balance, since
    spins locked to a single title are less flexible than spins usable
    across a provider’s range.

    References: https://parables.blog/forum/topic/neosurf-casino-banking-australia-fees-safety-
    guide/

  3. аватар
    Carlos 4 ноября 2026 10:53

    Deposits are made in the same way as with regular payment methods, although withdrawals may not be accepted.
    Targeted support services for specific states will also be found
    in an easy to read and simple to navigate format. Additional services include
    help and assistance throughout Australia and New Zealand.
    If we assume a 95% confidence interval, and 19 other people also played
    1,000,000 spins each on the game, one of your results would be outside that range.
    At the end of the day, the key is to stick with licensed international casinos that clearly explain their terms
    and ensure they follow the rules for responsible gambling.



    References: https://hub.fernekes.com/

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.