МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР ЕЛ АЙНАСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР ЕЛ АЙНАСЫ

Қазақстан тәуелсіздік жылдары өзінің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси дамуында нақты жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімдік басымдылықтарының бірі кәсіби мемлекет құру деп белгіленді. Жоғары кәсіби мемлекеттік қызмет және біздің мемлекеттің алдында тұрған басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді іске асыру көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне байланысты. Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру және нығайту болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев елді тиімді басқару үшін мемлекеттік қызметшінің бойында болуы тиіс негізгі қасиеттерді атап көрсеттіп, Ұлт жоспарындағы «Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» бағытының меритократиялық ұстанымы, яғни «төменнен-жоғарыға» деген болатын.

Кез-келген азамат өзінің іскерлік қабілетін, парасат-пайымын танытуы арқылы болашағын қалыптастырады. Ең бастысы, құлшыныс, туған елге, туған жерге қалтқысыз қызмет етуге шынайы ниет болуы қажет. Ел мүддесі, халық игілігі бәрінен жоғары тұрғанда ғана нәтижелі жұмыс болады. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік биліктің айнасы іспетті. Оның ар-ожданы биік, әділетті, талантты ұйымдастырушылық қабілеті бар екендігін қоғам бағалайды. Халық сенімі мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметті қаншалықты сапалы көрсеткендігіне қарап нығаяды. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші өз орнында халықтың мүддесіне қызмет етіп, көкейтесті мәселелерін заң шеңберінде шешуі талап етіледі.

Мемлекеттік қызметші үшін өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтестеріне, бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық көрсету – үлкен қателік. Мемлекеттік қызметшінің ақиқат шыншыл болуы – оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады. Ол екіжүзділікке, өтірік айтуға, ырғақтарды жеке мақсаты, мансабы үшін өзгеше сипатта қарауға, түсінуге қарсы.

Қоғамдық пікірді есепке ала отырып, өз өзіне жоғары талап қоя білу мемлекеттік қызметшінің өзін - өзі ұдайы жетілдіру ғана емес, өзгелерден сондай жетілуді талап ету болып табылады. Талап қоя, сұрай білу де – мемлекеттік қызметшінің кәсіптік имиджінің моральдық кодексінің талаптарының бірі.

 Н.Назарбаев та «Мемлекеттік қызметке біз жұмыс істеу үшін шақырамыз. Себебі, халқымыз бізді өзіне жұмыс істеу үшін жалдайды. Сондықтан, біз өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, оны дәл сол кезде орындай алмасаң да түсіндіріп, дұрыс жауап беріп, шығарып салу – біздің парызымыз. Сонда әкімшілік те, мемлекеттік қызметкерлер де халыққа жақын болады»,-деп айтқан болатын. Елбасының айтқан бұл сөздері әрбір мемлекеттік қызметші үшін басты қағидаға айналып, әрдайым халыққа қызмет етуіміз қажет.

 

А.Сайлауова

бас маманы Ақмола гарнизоны әскери сотының

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.