Медиация дауларды сотқа дейінгі реттеудің тәсілі ретінде

Медиация дауларды сотқа дейінгі реттеудің тәсілі ретінде

         Бүгінгі күнде дауларды шешудің балама жүйесі барлық өркениетті елдерде және замануи құқықтық инфрақұрылым құруға ұмтылудағы мемлекеттерде өз қолдаушыларын тауып жатыр. Өкінішке орай, Қазақстанда медиацияның дамуы кенжелеп қалған, бірақ сот отырысының осындай баламасы көптеген азаматтардың көңілінен шығады. 

         Медиация ретінде «дауласып жатырған тараптардың ерiктi келiсiмi бойынша өзара түсіністікке жету және даулы жағдайды шешетін шартты жасау мақсатында бейтарап тұлға – медиаторды тарта отырып бітімге тоқтау рәсiмi» түсініледі.

         Медиация – (латын тілінен mediatio – делдалдық, ағылшын тілінде – mediation)  - дауды шешу жолында тараптардың өзара әрекетке түсуін жүзеге асыратын кәсіби медиатордың көмегімен және ерекше іс жүргізу жағдайлары бойынша дауды шешудің мүмкіндігі мол, осы дауға қатысушылардың біріге отырып мәселелерді шешу процессі.   Медиацияны кең тараған делдалдық және бітімге келу рәсімдерінің «жетілген нысандарымен» теңеуге болады, демек, медиацияның көп ғасырлар бойы бітімге келуге қызмет еткенін аңғаруға болады.

         Қарапайым тілмен айтсақ, екі дауласушы тарап бар, олар сотқа жүгінгеннен гөрі кәсіби медиаторға баруды жөн деп санайды, өз кезегінде медиатор оларды тыңдап, дауды шешудің оңтайлы жолын ұсынады.

         Қазақстандық құқықтану қоғамы дамыған мемлекеттерде дауларды шешу барысында сәтті қолданылып жүрген заңнамалық жаңалықтардан тыс қала алмады.

         2011 жылғы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы осы жұмыстың қорытындысы болды. Жаңа Заң ресми түрде 2011 жылғы 5 ақпанда жарияланды және сол арқылы азаматтардың құқықтарын қорғаудың балама нысандары бірінің дамуының жаңа кезеңін белгіледі. Медиация делдалдықтың нысаны ретінде біздің Республикада жеке іс жүргізу құқығы институты ретінде заңды түрде бекітілді, заңнаманың ойынша олар соттарға нақты және жүйелі бәсекелес болуы қажет.

         Қазақстан Республикасы Президентінің Судьялардың V съездінде берген тапсырмаларын жүзеге асыру Жоспарының 6-т. сәйкес медиация институтының біздің мемлекеттің құқық қолданылу қызметіне заңнамалық тұрғыдан сәтті бекітілуі үшін ҚР Жоғарғы Соты негізгі заңнама жобасын әзірлеуші болып айқындалды. Өте қысқа мерзімде әзірленген және қабылданған заң сараптамасына бір жыл бойы Қазақстандық Халықаралық Төрелікте қатысты.

         Осы Заңнамалық жаңалық енгізілгеннен кейін көптеген зерттеушілер сотқа дейінгі бітімге келу институттарының дамуын бақылап, оның халықаралық стандарттарға сәйкестенуге барынша бағыт алғанын  атай отырып, патриархалды Даладағы билер соты институтымен салыстыру жүргізеді. Билер сотының мемлекеттігіміздің және қазақ қоғамында құқықтық мәдениеттің қалыптасуындағы рөлі жалпыға белгілі. Қазақ құқығының бірегейі «Жарғы» қазіргі таңдағы өркениеттегі идеалдар принциптерінің рухымен үндес десек те болады.

         Билердің беделі көбінесе халықтың мойындауымен, тануымен артып отырды, бұл өз кезегінде тәуелсіз, әділетті сот төрелігін жүзеге асыруға негіз болды. Билер халықтың лайықты өкілі, «аманаты» және халықтың ары болып табылды. Олар қазақ құқығының басты жүктеушісі, мемлекеттің барлық құқықтық функцияларын іске асырушы: білгір, суырып-салма, әрекет етуші заңнамаларды қорғайтын және реформалайтын, сондай-ақ, хандардың және сұлтандардың кеңесшілері болды.

         Осы тұрғыда Дала құқығы институтымен салыстыру жүргізу арқылы  төрелікке сенімнің жоғары болатынын байқауға болады. Сол кездердің өзінде дауды шешу үшін адамдар пікірлеріне сөзсіз сенетін тұлғаларға жүгінген.

         Бұл ретте аралық соттың мүшесі заңгер болуы міндетті емес, тек адам қос тараптың сенімі мен құрметін ұялата алатын болса жеткілікті. Өз кезегінде бұл осы төрелердің жоғары моральдық деңгейді ұстануына, ар-ожданын қасиет тұтуына, сатылмауына және тәуелсіз болуына итермелейді. 

         Жүз жылдар бұрынғыдай, бүгінгі күнде де Қазақстан әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі кезінде бұл мәселелер жүргізіліп жатырған реформалар  аясында ерекше маңызға ие.

         Сонымен қатар, медиацияның сотпен салыстырғанда қаржылық шығындар мен мерзім тұрғысынан біршама үнемділеу және  құпия болуы, оның артықшылықтары болып табылады.

         Медиация – бұл тараптардың белгілі-бір мақсатқа жету үшін ерікті негізде таңдайтын дауды шешудің соттан тыс тәсілі.

         Заң қоғамдық қатынастарды реттеуді қамтамасыз етуге шақырады, жалпы ережелерді белгілейтін нормаларды қамтиды: медиацияның жүргізілуін қамтамасыз ететін  ұйымдастыру және медиаторлардың құқықтық жағдайын бекітеді.

Медиацияны жүргізу тәртібі.

2011 жылғы 28 қаңтардағы «Медиация туралы» ҚР Заңына сәйкес медиация рәсімін медиатор жүргізеді, яғни ол тараптармен кәсіби және кәсіби емес негізде медиацияны заң талаптарына сәйкес жүргізуге тартылған тәуелсіз жеке тұлға.

  Жоғары бiлiмi бар, жиырма бес жасқа толған, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен бекiтiлетiн медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткенiн растайтын құжаты (сертификаты) бар және кәсiпқой медиаторлар тiзiлiмiнде тұрған тұлғалар медиатор қызметiн кәсіби негізде жүзеге асыра алады.

Қырық жасқа толған және кәсiпқой емес медиаторлар тiзiлiмiнде тұрған тұлғалар медиатор қызметiн кәсiби емес негiзде жүзеге асыра алады.

Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi және оған теңестiрiлген; заңда белгiленген тәртiппен сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған; оған қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатын; заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам медиатор бола алмайды.

Бүгінгі күнде әлемдік тәжірибе көрсеткендей, медиация түрлі жағдайларда ірі бизнес саласындағы даулардан бастап ажырасу, мүлікті бөлу сияқты отбасылық дауларды шешу кезінде кең қолданылады. Халықаралық статистикаға сай медиация арқылы 30-40 % даулар қаралады, осы ретте оның 85 %  бойынша жағымды нәтижеге қол жеткізіледі. Бұл кездейсоқ сан емес, себебі медиация тараптарға тұйыққа тірелген жерден достық, серіктестік қатынастарын сақтай отырырып және өз беделіне нұқсан келтірмей, мейлінше аз қаржылық, мерзімдік шығындармен шығуға мүмкіндік береді. Медиацияның көптеген артықшылығының бірі ол осы рәсімнің толық құпиялығының сақталуына кепілдік берілуінде, медиатормен жасалған құжаттар және жазбаша материалдар жойылады.

Мүмкін болатын нәтижелердің ең қолайлысына қол жеткізу медиатордың негізгі функциясы: тараптардың бірыңғай көзқарасын қалыптастыру, бұл ретте медиатор мәселені шешу жолын өз көзқарасы бойынша тараптарды көндіруге құқылы емес, себебі бұл кезде тараптар жүргізілген рәсім нәтижесінің дұрыстығына кәміл сенеді. Сонымен қатар, осылайша қол жеткізілген келісім олардың жеке қатынастарына да қатысты болуы мүмкін; ол өзіне қалыпы құқықтық рәсімдер барысында, мысалға сот талқылауында тілге тиек ете бермейтін мәселелерді де қамти алады, өз кезегінде бұл орын алған келісімнің бұзылмауына ықпал етеді.

Тараптардың ашу-ызасы, бір-біріне деген сенімсіздігі тым жоғары болғандықтан, көптеген сарапшылар Қазақстан Республикасында медиацияның дамуы мүмкін емес деп санайды. Дегенмен, Ресей Федерациясында медиаторлармен құны жүз миллион доллардан асатын даулар  сәтті түрде шешілуде, осы ретте бастапқыда дауласып жатырған тараптарды бітімге келтіру мүмкіндігі тым аз сияқты болып көрінген. Сыни көзқарастағы сарапшылардың айқындамасын Қытайдың үлгісі теріске шығара алады, ол жақта билік он жылға жетпейтін мерзім ішінде медиацияны кең насихаттады, нәтижесінде бүгінгі күнде медиация орталықтарымен барлық даулардың 40 % шешілуде, осы арқылы мемлекетте кең тараған корпаративті даулар еңсерілді. Медиация ондаған мемлекеттік құрылымдар және жеке фирмалар айналысатын ірі бизнес болғанына біраз уақыт болды. Франция, Италия, Ұлыбритания және АҚШ-та медиация орталықтары барынша кең дамыған, соттардың жанында дауларды медиация арқылы шешу бойынша кеңестер немесе орталықтар құрылған, ал бұл бизнесте медиатор ретінде құқық, экономика және өндірістегі ең құзертті  және беделді адамдар жұмыс істейді.

Қорытындалай келе, біздің мемлекетте дауды реттеудің балама құралдары, оның ішінде медиацияның дамуы, әлемдік қауымдастықпен өркениетті құқықтық жүйе орын алған, бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына кіру жолындағы негізгі қадамдардың бірі деп танылатынын атап өткім келеді. 

 

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының судьясы

Нұрабай Сәуле Қуанышқызы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

32 пікір

  1. аватар
    Laverne 31 октября 2024 07:39

    қазағым қазағым тартпай өмір азабын скачать, роза әлқожа қазағым скачать 9 сыныптан кейін оқу орындары, 9 дан кейінгі оқу орындары алматы 2022 барды
    бағалау мақал, керемет сөздер ұлы жібек жолының оңтүстік бағыты,
    ұлы жібек жолы мақсаты

    Here is my homepage - зар заман толғауының көркемдік ерекшелігі

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.