Мемлекеттік қызметтің беделін көтеру және мемлекеттік қызметшілердің имиджін қалыптастыру

Мемлекеттік қызметтің беделін көтеру және мемлекеттік қызметшілердің имиджін қалыптастыру

 

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет» деп Ата заңымызды белгілеп, даму бағыты айқындалған, жарқын болашаққа қарай батыл қадам басқан Мемлекет болып қалыптасып келеді.

Мемлекеттің ірге тасын қалау, құру, қалыптастыру бағытындағы ең жауапты іс-мемлекетік қызметшілерге жүктелді.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі ретінде кәсіби мемлекетті құру белгіленген. Жоғары кәсіби мемлекеттік қызметті және тиімді басқару құрылымын құру ісінде міндеттерді іске асыру көбіне мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне байланысты. Сонымен қатар маңызды функционалдық және мәртебелік маңызы бар мемлекеттік қызмет имиджі халықтың мемлекеттік аппаратқа сенімі деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқару қызметінің тиімділігін бағалау өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет имиджі тұтастай алғанда мемлекеттік қызметші имиджіне тікелей байланысты, өйткені мемлекеттік билік органдарына сенім мәселесі қызметкер имиджімен байланысты, болмаған жағдайда мемлекеттік билік органдарының қызметі тиімсіз болып табылады.

Қай мемлекеттік қызмет саласы болса да, мемлекеттің сол саладағы саясатын жүргізетін орган болып табылатындықтан, сол саланың кәсіби білікті кадырлары – саланың заман талабына сай тез дамуын, уақытпен бірге жүріп отыруын қамтамасыз етеді, саланың даму деңгейінің көрсеткіштін жасайды. Екінші жағынан, мемлекеттік қызмет саласы – халыққа қызмет көрсетуші, халықпен тікелей байланыстағы қызмет екенін ескерсек, тек кәсіби маман болып қана қоюдың жеткіліксіздігі, оған қосымша халықпен араласу, қатынас жасай білу мәдениетінің қалыптасуының маңыздылығын арттырады.

Білімділік, біліктілік, жоғары моральдық-этикалық бейне, адамгершілік – әрбір мемлекеттік қызметшінің бойында үйлескен жағдайда – мемлекеттік қызметшінің «жоғары имиджі» жасалады, осындай имидж мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге тікелей жол болып табылады.

Бүгінгі таңда жүргізіліп отырған мемлекеттік қызмет реформасы тиімді кадрлық тетіктерді қалыптастыруды ұйғарады: мемлекеттік қызметке кірудің тиімді және айқын тәртібі, мемлекеттік қызметшілердің үздіксіз кәсіби даму мүмкіндігі, жұмыс нәтижелері мен ынталандыру жүйесінің өзара байланысы. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, оның ішінде уақтылы хабардар ету және азаматтардың өтініштеріне ден қою, билік құрылымдарының қолайлы пікірін құру басым бағыт болып табылады. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруда тиісінше мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және қоғаммен байланысты жолға қою негізгі бағыттар болып табылады.

 

Жасмин Кусаинова

Орал қаласының №2 сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

33 пікір

  1. аватар
    Agnes 18 ноября 2024 06:01

    көшірмені алмалы салмалы тасығышта жасау, камераны денеден алшақ ұстамаңыз және екі қолмен ұстаңыз басты байлық
    денсаулық тәрбие сағаты, денсаулық зор байлық тәрбие сағаты жоспары бұлттық провайдер дегеніміз
    не, бұлттық технологиялардың мақсатына қарай түрлері: топ завтраков рецепты, виды завтраков из яиц

    Here is my site ... әлеуметтану лекция

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.