Ақтөбеде мәдениет үйiнiң өнерпаздары түзеу мекемесіндегі сотталғандарға концерт қойды
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №8 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушi сотталғандар "Нокин" мәдениет үйi өнерпаздарының "Ән көңілдің ажары" кезекті концерттік бағдарламасын тамашалады.
Өз кезегінде, "Нокин" мәдениет үйiнiң өнерпаздары әдемі әндерімен жазасын өтеушiлерге көтеріңкі көңіл- күй сыйлады.
Түзеу мекемесіндегі тәрбие бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, мұндай іс- шаралар түзеу мекемелеріндегі тәрбие жұмысының негізгі бағытының бiрi. Яғни, аталған іс- шаралар мекемедегі жазасын өтеуші сотталғандардың түзелуіне, мәдени деңгейін арттыруға бағытталған.
Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы
[xfvalue_img]
39 пікір