Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінде түзеу мекемелеріндегі сотталғандар арасында құқықбұзушылықты болдырмау бойынша жедел кеңес өтті
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінде облыс прокурорының орынбасары Ғалымжан Тлеубаевтың төрағалығымен «сотталғандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, болдырмау" мәселелері жөнінде көшпелі ведомствоаралық жедел кеңес өтті. Кеңес отырысына Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев, Ақтөбе гарнизонының әскери прокуроры Жандарбек Спан, Ақтөбе қаласындағы Ұлттық ұлан №6655 әскери бөлімі командирінің уақытша міндетін атқарушы Дәурен Джагиппаров және департаментке қарасты №8, №9, 70 түзеу мекемелерінің бастықтары мен бөлім басшылары қатысты.
Кеңес отырысында түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеуші сотталғандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, болдырмау мәселелері талқыланып, өзара ведомствоаралық қызметті нығайту жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, жазасын өтеушілер арасында бұзушылықты болдырмауға қатысты профилактикалық жұмыстарды күшейту бойынша шешімдер қабылданды.
Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы
[xfvalue_img]
48 пікір