ANTIKOR.LIVE ЖОБАСЫ АЯСЫНДА НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ АШЫҚТЫҚ ПЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИР ӨТТІ.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Салтанат Дженалаева және және «Jas Otan» ЖҚ төрағасының бірінші орынбасары Арсланбек Мағзұмның қатысуымен «Antikor Ortalyǵy» сервис орталығының алаңында тікелей эфир өтті. Аталған эфирдің мақсаты Нұр-Сұлтан қаласының азаматтары үшін мәслихат депутаттарының азаматтар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік атмосферасын құру бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы талқылау және жеткізу болып табылады.
Эфир барысында спикер қалалық мәслихаттың депутаты ретінде атқарылған жұмыстар туралы айтып, жастарды қолдау және елімізде жас ұрпақты дамыту үшін жағдай жасау қажеттігін атап өтті. Осыған орай, жастар үшін парасаттылық, адалдық және туған жерге деген патриоттық сезім сияқты басты құндылықтарды көтеру бойынша өткізілетін іс-шаралар кешені айтылды.
Сондай-ақ, Салтанат Дженалаева сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқартуға, оның туындау себептері мен жағдайларын жоюға қабілетті тиімді алдын алу шараларын ұсынды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету жөніндегі мәселені қозғады.
Соңында Спикер тікелей эфир қатысушыларына: «Өз еліңді сүй! Ал сіз қартайғанда, сіз өз еліңізге және жас ұрпаққа қосқан үлесіңізді көре аласыз» деп қорытындылады.
[xfvalue_img]
36 пікір