Тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды

Тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды

 

Тіл – халықтың баға жетпес байлығы, елдіктің басты нышаны. Сондықтан да Қазақстан Республикасының бас құжаты – Конституцияда  «қазақ тілі – мемлекеттің барлық аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі», – деп нақты көрсетілген. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, маңызын арттыру мәселесі қай мемлекетте де өзекті тақырыптың бірі. Өйткені, бүгінгідей ақпараттық заманда қолданысы аз тілдердің жойылып, тарих қойнауына кетіп жатқанына бәріміз куә болып отырмыз. Ал тілдің өлмеуі, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуы сіз бен бізге тікелей байланысты. Ол үшін әрбір қазақстандық азамат күнделікті өмірде қазақша сөйлеп, мемлекеттік тілдің  мәртебесін арттыруға атсалысуы керек.

Отандық сотта да қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту бойынша аз шаруа атқарылып жатқан жоқ. Мәселен  Азаматтық процестік кодекстің 14-бабы «Сот ісін жүргізу тілін» нақтылап, соған сәйкес «Азаматтық істер бойынша сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілмен қатар орыс тілі немесе басқа тілдер бірдей қолданылады» деп дәйектелген. Яғни, заң тілінің, сот тілінің қазақша сөйлеуіне заңдық тұрғыда кедергі жоқ.

Алайда, сотқа жүгінген азаматтардың көпшілігі әлі күнге дейін арыз-шағымдарын ресми тілде жолдап жатады. Мұның себебі неде? Мемлекеттік тілдің айналасында мұндай ахуалдың қалыптасуына бірнеше мәселе түрткі болып отыр. Біріншіден, азаматтар арызды орысша жазсақ іс тез әрі нәтижелі қаралады деп санайды. Бұл түбегейлі қате пікір. Олай дейтініміз, істердің сапалы қаралуы арыздың қай тілде жазылуына байланысты емес. Заңдарда қазақ тілінен басқа ешбір тілге ерекше басымдық берілмеген. Әрі арыз-шағымды қабылдау, қараудың бірыңғай тәртібі құқықтық тұрғыда жасалған. Сондықтан мұндай үстірт ойлайтындарға түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізіп тұру артықтық етпейді. Біздің сот тарапынан да түрлі жиындар тұрақты ұйымдастырылып, онда қазақ тілінің өркен жаюына кедергі келтіріп отырған мәселелер талқыға салынып тұрады. Сол арқылы азаматтарға, құзырлы орындарға ой тастауға, жол көрсетуге тырысамыз. Мұндай шаралар бірден нәтиже бермегенмен, тілге деген құрметті біртіндеп қалыптастыруға ықпалы тиеді деген ойдамын.

 Екіншіден, мемлекеттік тілде қаралатын істердің аздығына құзырлы орын өкілдері мен адвокаттар да себепкер. Біздегі тергеушілер мен қорғаушылардың көпшілігі өз ойын ресми тілде жеткізуге шебер. Содан келіп олар өздері жетік білетін тілде арыз жазып, құжаттарды толтырады. Өз қорғауындағы азаматтың орыс тілін шорқақ білетінін ойламайды. Шынын айтқанда сот тәжірибесінде дәл осындай жағдаймен бетпе-бет келмеген судьялар некен-саяқ. Тараптардың қойылған сауалдарға жауап бермек түгілі, сөзді толық түсінбей тұрғанын көрген судьяға іс жүргізу өте қиын.  Себебі Азаматтық  процестік кодекстің 14-бабының 2-бөлігінде «Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою арызы (арыз) берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді» деп көрсетілген. Алайда дәл осы кодексте судьяның «Істі сот талқылауына дайындау кезінде екі тараптың да жазбаша өтінішхаты бойынша сот ұйғарымымен сот ісін жүргізу тілін өзгертуге құқылы» екені көрсетілген. Былай қарасаңыз соттың қазақша сөйлеуіне, істердің мемлекеттік тілде қаралуына заңдық еш кедергі жоқ секілді. Соған қарамастан, бұл жерде туындайтын бірнеше түйтілді тағы тізбелемей өте алмаймыз.

Ең алдымен бұл адвокат, тергеушілердің арыз-шағымды тараптар пікірімен санаспай ресми тілде жазуынан туындайды. Заңнамаға сай сот тілін өзгертуге мүмкіндік болғанымен, ол үшін қаншама уақыт кететінін, қаншама құжаттар жасалатынын пайымдау қиын емес. Тіпті, сот тілі өзгермегеннің өзінде істі аудармашы арқылы жүргізуге мемлекеттен қаншама қаржы кетеді. Құжаттарды түсінбеген тарапқа аударып ұсынудың өзі ауқымды жұмыс.  Бұл да уақыт пен қаржы шығынын керек етеді. Соған орай, арыз-шағымды сотқа жолдар алдында азаматтар да, құзырлы орган өкілдері де ойланса дейміз.

Қытай ойшылы Конфуций: «Егер де маған ел басқару мүмкіндігі туса, ең алдымен сол елдің тіл мәселесін қолға алар едім. Себебі тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды және идеология дұрыс жүргізілмейді. Идеология дұрыс жүргізілмей, ортақ түсіністік таппаған елде бірлік болмайды. Сондықтан бәрінен де бұрын адамдар арасындағы бірлікті ұстап тұрған тіл мәселесі маңызды» деген екен. Сол айтпақшы, еліміз дамып, мемлекетіміз өркендесін десек әуелі ұлтты ұйыстырудың құралы болып отырған қазақ тілінің мәртебесін көтеруде белсенділік танытуымыз керек.

 

Асель Искакова

Орал қаласының №2 сотының судьясы 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

337 пікір

  1. аватар
    FUN88 13 марта 2026 21:33

    FUN88 tạo dấu ấn với sảnh bắn cá sinh động, khu thể thao cập nhật liên tục, ưu đãi nạp đầu hấp dẫn và nhiều chương trình thưởng dành cho thành viên mới.

  2. аватар
    FUN 88 14 марта 2026 00:12

    FUN 88 sở hữu sảnh game bài đa dạng chủ đề, khu casino trực tuyến mượt mà, nhiều gói khuyến mãi theo khung giờ và quà tặng đặc biệt cho người dùng lần đầu trải nghiệm

  3. аватар
    HITCLUB 14 марта 2026 01:07

    HITCLUB thu hút người chơi nhờ sảnh thể thao hiện đại, giao diện dễ theo dõi, chương trình thưởng đăng ký rõ ràng và nhiều khuyến mãi theo tuần đầy hấp dẫn.

  4. аватар
    LUCKY88 14 марта 2026 13:27

    <a href="https://zoow.za.com/">LUCKY88</a> nổi bật với không gian game bài cuốn hút, sảnh casino trực tuyến chuyên nghiệp, các chương trình cộng thưởng hấp dẫn và nhiều phần quà dành cho thành viên mới.

    <a href="https://zoow.za.com/">LUCKY 88</a> mang đến hệ thống giải trí đa dạng từ thể thao đến bắn cá, đi kèm ưu đãi đăng ký rõ ràng, quà tặng chào mừng và nhiều chương trình khuyến mãi định kỳ.

  5. аватар
    Ga88 com 14 марта 2026 16:31

    Ga88 com chinh phục người dùng với sảnh casino trực tuyến hiện đại, khu game bài dễ thao tác, quà tặng chào mừng nổi bật và hàng loạt chương trình khuyến mãi theo mùa.

  6. аватар
    Du88 com 14 марта 2026 21:16

    Du88 com tạo sức hút với sảnh nổ hũ rực rỡ, game bài phong phú, ưu đãi chào mừng thành viên mới và nhiều phần thưởng giá trị trong các dịp đặc biệt.

    link oxbet đem lại không khí giải trí sôi động qua sảnh đá gà trực tuyến nổi bật, khu nổ hũ cuốn hút, ưu đãi tham gia lần đầu và nhiều chương trình quà tặng theo từng giai đoạn

  7. аватар
    FIVE88 14 марта 2026 21:40

    FIVE88 tạo dấu ấn nhờ sảnh casino trực tuyến hiện đại, giao diện dễ theo dõi, ưu đãi chào mừng hấp dẫn và các phần quà giá trị theo từng sự kiện lớn.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.