Жамбыл полицейлері жүргізуші куәлігін ауыстыру тәртібі туралы айтып берді
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету желісі бойынша Әкімшілік полиция бөлімшелерімен Мемлекеттік қызметтің 3 түрі көрсетіледі:
- «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу»;
- «Көлік құралы үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің телнұсқасын беру»;
- «Жүргізуші куәліктерін беру».
Жүргізуші куәлігін ауыстыру келесі жағдайда жүзеге асырылады:
-тегін, атын, әкесінің атын өзгерту;
-оның пайдалануға жарамсыздығы;
-қолдану мерзімінің аяқталуы;
-меншік иесінің қалауы бойынша.
Сонымен қатар, құжаттарды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "коммерциялық емес АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының" Халыққа қызмет көрсету орталығы " департаменті арқылы жүзеге асырылады.
Egov.kz порталында жүргізуші куәлігін алуға өтініш беру үшін:
1.ЭЦҚ алу қажет (электрондық цифрлық қолтаңба);
- Egov.kz порталына кіру және өтініш беру. Өтінішке қосымша: сандық фотосурет және қолтаңбаның электрондық бейнесі бекіту қажет; мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат немесе түбіртек бекіту қажет.
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығынан жүргізуші куәлігін алуға өтініш беру үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- жеке басын куәландыратын құжат;
- бұрын берілген жүргізуші куәлігі;
- тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы куәлік (толық аты өзгерген жағдайда);
- тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханадан «№083/у» нысанындағы денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың түпнұсқасы және көшірмесі (анықтаманы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығынан да алуға болады);
- жүргізуші куәлігін бергені үшін 1,25 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж салығын төлегендігі туралы түбіртек;
- Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпусымен жұмыс жөніндегі ұйымның бағыты (шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар үшін).
[xfvalue_img]
28 пікір