Жамбылдық полицейлер мен еріктілер “Біз есірткіге қарсымыз!” бірлескен акциясын өткізді

Жамбылдық полицейлер мен еріктілер “Біз есірткіге қарсымыз!” бірлескен акциясын өткізді

Жамбылдық полицейлер мен еріктілер “Біз есірткіге қарсымыз!” бірлескен акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 4 ақпанда Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласының “Табысты адамдарды таңдау” қоғамдық бірлестігінің еріктілерімен бірлесіп, облыс орталығындағы үйлер мен ғимараттардың қабырғаларындағы граффити жазуларды жою бойынша “Біз есірткіге қарсымыз!” тақырыбында іс-шара өткізді. Мұндай граффити жазулардың мазмұнында есірткі сатып алу үшін кодтық сөздер мен байланыс нөмірлері көрсетіледі.

Акция нәтижесінде қала бойынша 100-ден астам осындай жазулар жойылды. Сондай-ақ, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Интернет желісінің күнделікті мониторингі арқылы “Телеграм” қосымшасында жұмыс істеп, есірткіні насихаттаған интернет-сайттарды орнатты. Қазіргі уақытта аталған интернет-сайттар бұғатталды, құқыққа қарсы сайттар мен жазуларды орналастыруға қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Жамбыл облысының тұрғындары үшін маңызды ақпарат. Граффити-жазулар жазғаны және компьютерлік желілерде көрсетілген мәліметтерді таратқаны үшін 2020 жылғы 11 қаңтарда заңды күшіне енген ҚР ҚК 299-1-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша жаза көзделген, яғни, 1-бөлім бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру; 2-бөлім (Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған) бойынша – үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Сонымен қатар, есірткі заттарымен бетбелгі қалдыратын адамдар есірткі заттарын өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады, яғни, ҚР ҚК 297-бабы бойынша жазаға тартылатын болады, онда баптың диспозициясына сәйкес бес жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал жалпы білім беретін мекемелерде есірткі заттарын өткізгені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілік көзделеді. Жамбыл облысының Полиция департаменті облыс халқын еліміздің азаматтары мен болашақ ұрпақтың денсаулығына қауіп төндіретін есірткінің таралуынан туындайтын жалпы проблемадан тыс қалмауға, есірткі қылмысына қарсы күресте белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.