СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ҮЗДІК АУДАН ӘКІМДІКТЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫН АТАП ӨТТІ
Жыл қорытындысы бойынша «Есіл» және «Сарыарқа» аудандарының әкімдері халықпен тиімді қызмет атқарғаны үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевтың грамотасымен және алғыс хатымен марапатталды.
Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов Агенттік төрағасының Құрмет грамотасын «Есіл» ауданының әкімі Берік Жәкеновке және алғысын «Сарыарқа» ауданының әкімі Есет Байкенге тапсырды.
"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында халықпен тиімді кері байланыс орнату үшін елорданың барлық аудандық әкімдіктері "Open Space" форматындағы мемлекеттік және консультациялық қызметтер кешенін көрсетуді қарастыратын қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшті.
Жұмыс "бір терезе" қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
Алғаш рет аудандық әкімдіктерде қызмет көрсетудің жаңа стандарттары 2018 жылы "Астана - адалдық алаңы" жобасының бастамасы бойынша енгізіле бастады, оның мақсаты - тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау.
Қазіргі уақытта елордада "IQALA" қалалық қызмет көрсету, "Жанұя" отбасын қолдау, Бірыңғай тұрғын үй орталықтарында азаматтар үшін қызметтерді алуға барлық жағдай жасалған.
[xfvalue_img]