Алик Шпекбаев Осакаров ауданындағы «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобасының жүзеге асырылуымен танысты

Алик Шпекбаев Осакаров ауданындағы «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобасының жүзеге асырылуымен танысты

 

«Сарыарқа – адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру барысында Қарағанды облысының Осакаров ауданында «open space» қағидаты бойынша «Open Akimat» - Ашық әкімдігі халыққа қызмет көрсетуде.

Жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көрсетілген мемлекеттік органдардың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» форматына бағдарлау мақсатында жүзеге асырылуда.

Осакаров ауданының әкімі Нұркен Қобжанов Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке «Open akimat» жұмысын таныстырып, «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобасының аудандық деңгейде жүзеге асырылуы бойынша  баяндама жасады. Аудан әкімі: «Жыл басынан бері Осакаров ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 400-ден астам іс-шаралардың өткізілгендігі» жайлы мәлімдеді.  

«Open space» форматы арқылы азаматтарға құқықтық кеңес беру және құжаттарды қабылдау үшін қолайлы жағдай жасалған.

Ашық әкімдікте халық арасында ең көп сұранысқа ие: жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және білім беру бөлімдерінің қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсетіп, азаматтарға кеңес береді. Сонымен қатар, туындаған сұрақтарға «бір терезе» қағидаты арқылы жедел түрде жауап беретін әкімдіктің құқықтық қызметі жұмыс жасайды.

Сондай-ақ, осыған іспеттес фронт-офис Осакаров ауданының сотында да қызмет жасауда. Сот жұмысының жаңа форматы - ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етіп, келушілерге барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Өз кезегінде, Алик Шпекбаев «сот ғимаратында халықтың нақты сұраныстары мен сот төрелігінің тиімділігін арттыру мақсатында барлық ұйымдастырушылық мәселелердің пысықталғанын» атап өтті.

Фронт-офис қажетті техникамен жабдықталған, өтініштер мен өтініштерді ресімдеу және беру тәртібі, сот өндірісіндегі істер мен материалдардың қозғалысы мен оларды қарау барысы, сот отырыстарын өткізу уақыты, кіріс хат-хабарлар мен өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы туралы мәліметтерді ұсыну бойынша қызмет көрсететін ақпараттық орталық орналасқан. Сондай-ақ, медиаторлар мен адвокаттарға арналған арнайы жеке кабинеттер де ашылған.

Сотқа келушілерге тиімді жағдай жасау мақсатында, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында азаматтарға «Сот кабинеті» АЖ қызметін және жоғары жылдамтықтағы интернетті еркін қолдану мүмкіндіктері жасалған.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.