Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті
Сыбайлас жемқорлық – қоғам дертіне айналған шешімі күрмеулі мәселелердің бірі. «Жемқорлыққа жол жоқ» деген сөйлемді қала, ауылдың әр бұрышынан көреміз. Себебі басты мақсат – халық арасында жемқорлықтың көзжұмарлық қылмыс емес екендігі жайында түсінік қалыптастыру.
Жемқорлық жаһандық мәселелердің бірі және бұл кесел қоғамның әр саласынан көрініс табуда. Елімізде жемқорлықты қазақ менталитетіне етене жақын деп жатады. Және оны айықпайтын дерт санайды. Алайда жемқорлықпен күресті тоқтатпай, оның елге елеулі қауіп төндіретін өзекті мәселе екендігін халыққа кеңінен түсіндірсек, бұл стереотипті жоюға әбден болады деп ойлаймын.
Сыбайлас жемқорлық ел болып қалыптасуда, қоғам дамуына, ел экономикасы мен мәдени өркендеуіне өз зардабын тигізбей қоймайды. Пара алып, берумен қатар қызмет орнын, өкілеттігін пайдалану да сыбайлас жемқорлыққа жатады. Елімізде жемқорлықпен күрес мәселелерін реттейтін бірнеше кодекстер мен актілер қарастырылған. Қылмыс үстінде ұсталған қызметкердің жазасы өте қатаң болады және мемлекеттік қызметтен өмір бойына алшақтатылады.
Мемлекет ресурсын талан-таражға салу немесе өз қызметін асыра пайдалану – кешірілмес қылмыстардың бірі. Жемқорлықпен күресу – әр Қазақстан азаматының міндеті деп білеміз және жемқорлыққа көз жұма қарау адамдық принциптерге қайшы екенін ұмытпаңыздар. Егер сыбайлас жемқорлыққа куәгер болсаңыз, міндетті түрде арнайы органдарға хабарласыңыз. Қазақстан бойынша 1424 Call орталығының сенім телефондары жұмыс жасайтынын ескертеміз.
Шыңғырлау аудандық сотының бас маманы
А.Қ.Төлегенов
[xfvalue_img]