Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті

Біздің тәуелсіз Қазақстан өркениет биігіне ұмтылған ел. Ал, өркениетті елдің бірлігі жарасып, экономикасы тұрақты дамып, мәдениеті мен руханияты кеңінен қанат жаюға тиіс. Алайда, әлемнің көптеген елдерінде негізгі мәселе саналатын жемқорлық жайы біздің елді де айналып өткен жоқ.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.

Елбасының «Жемқорлыққа қарсы күрес жан жақты үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз» деген сөзі бар. Қоғамымызға қауіп төндіретін кеселмен күреске бәріміз атсалысуға тиіспіз. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы ерекше. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Сот саласында да сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген шаралар аз емес. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың күшейтілуі, сот мәжіліс залдарының толықтай үн-бейнежазу құрылғыларымен жабдықталуы, сот тарапынан көрсетілетін қызметтердің электрондық форматқа ауыстырылуы сыбайластыққа қарсы жүргізілген жұмыстардың бір парасы ғана. Азаматтармен тікелей байланысқа қатаң тыйымның салынып, судъялардың тараптардың тілдесуіне жол берілмеуі сот жұмысына қатысты күмәнді сейілтері сөзсіз. Бұған қоса әрбір сотта сенім телефондары көрнекі жерге ілініп,арыз шағымдарға арналған жәшіктер орнатылған.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жемқорлықпен күрес ең алдымен адами фактордың таным-түсінігіне, рухани кемелдігіне байланысты. Әркім өз отбасында парақорлықтың зияны мен зардабын ұғындырса, жас мамандарда бұл дерттен аулақ болады. Өйткені, әрбір қоғам дамуының күнгейімен қатар көлеңкелі тұсы да болатындықтан, елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсартып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жету мен халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз екендігін есте сақтағанымыз жөн!

 

А.Рыскалиева

Жаңақала аудандық сот кеңсесінің бас маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.