Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды
2019 жылдың 27 жетоқсанында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Заңға енгізілген бұл өзгерістер мен толықтырулар 2020 жылдың 10 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
Осы негізде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын алкогольдік масаң күйдегі басқару үшін жаза қатаңдатылды. Бөкей ордасы аудандық сотында «TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы, Жалпақтал ауылының тұрғыны 1998 жылы туған А.Жуминге қатысты ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.
Іс құжаттары бойынша А.Жумин 20.12.2019 жылғы Казталов аудандық №2 сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған, бұдан кейін 02.03.2020 жылы осы соттың үкімімен ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен өмір бойынан көлік құралын басқару құқығынан айыруға және 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталғанына қарамастан, 16.03.2020 жылы сағат 21.40 шамасында автокөлікті алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде Саралжын – Бостандық жайын жолының бойымен басқарып келе жатқанда полиция бөлімінің қызметкерлеріне ұсталғаны анықталды.
10.04.2020 жылы Бөкей ордасы аудандық сотының үкімімен А.Жумин ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Жаза тағайындау кезінде жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретінде қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасауын және төтенше жағдай барысында қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны ескеріліп, өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылып, ҚК-нің 58-бабына сай жазаларды сіңіру жолымен, түпкілікті 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы сот залынан қамауға алынды. Жаза өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесі белгіленді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Марат Шыңғалиев
Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей ордасы аудандық сотының судьясы
[xfvalue_img]
16 пікір