ШҚО БИЗНЕСТІ ҚОРҒАУДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ
Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қабырғасында «Бизнесті және инвестицияларды қорғау» мәселелеріне арналған кезекті кездесу өтті.
Кеңеске ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығы, «PBI» жобалық кеңсесінің қызметкерлері, «Атамекен» ҰКП РФ өкілдері, «Kazakh Invest» ҰК АҚ, Шығыс Қазақстан кәсіпкерлері (Медсервис Плюс ЖШС, CGNPC Uranium Resources Co LTD, «Альприма» ЖШС, «ЖБК» ЖШС және т.б.), сондай – ақ ZOOM платформасы арқылы онлайн-Атамекен ҰКП өңірлік филиалының аудандық бөлімшелерінің басшылары, «Qazaq-Astyq Group» ЖШС, «Энерготехсталь» ЖШС, «Икссталь и К» ЖШС басшылары қатысты.
Күн тәртібінде ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті іске асырып жатқан Келісімге қатысушылардың бизнесін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша бірегей жобаның мақсаттары мен міндеттерін бизнес өкілдеріне жеткізуге, сондай-ақ кәсіпкерлерлік бағытта кездесетін проблемалаларға қатысты мәселелер қаралды.
Кездесу барысында қызу пікір алмасылып, спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік туды. Қатысушылар ШҚО аимақтық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының аймақтағы өкілдігінің бірлесіп белсенді жұмыс істеуге және бизнесті жүргізу кезінде туындайтын мәселелерді шешу бойынша облыстың инвесторлары мен кәсіпкерлерін құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге дайындығы туралы хабардар етілді.
Кездесу ұйымдастырушыларының пікірінше, кәсіпкерлер болашақта өз жобаларын әуре-сарсаңға салу, параны бопсалау және басқа да бюрократиялық кідірістер сияқты ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен қорғауды болдырмау үшін өздерінің бизнес-жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қою ұсынысын пайдалануы тиіс.
Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының ақпараты бойынша, бүгінгі таңда ШҚО-ның 29 бизнес субъектісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қойылған, сондай-ақ өңір экономикасына салынған салымның жалпы сомасы 270 млрд теңгеден асады. Аталған жобаны іске асырылғаннан бері 21 кәсіпкер мен инвестордың құқықтары қорғалып, қалпына келтірілді. Талқылау нәтижелері бойынша 16 тұлға тәртіптік, 7 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
«Мен Шығыс Қазақстанның барлық кәсіпкерлеріне жүгініп, оларды бизнес-жобаларды сапалы жүзеге асыру үшін келісім жасасуға шақырғым келеді. «Protecting Business and Investments» көмегімен сіз өз ақшаңызды, уақытыңызды үнемдейсіз және жүйкеңізді сақтайсыз, өйткені іс жүзінде келісімге қосылу өзі шенеуніктердің көзқарасын өзгертеді, сондай-ақ кәсіпкерлерді қандай да бір сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен құтқарады.
Сіздің қызметіңізге мемлекеттік органдар тарапынан кедергі келтіруге тырысқан фактілер орын алған кезде Сіз Департаментке кез келген уақытта қоңырау шала аласыз. Департамент қызметкерлері бірден жағдайға араласып, оны дұрыс бағытқа шығаруға кол ұшын береді. Бұл ретте сізден ешқандай есеп талап етілмейді - бастысы, Сіздің бизнесіңіз өңіріміздің және жалпы Қазақстанның игілігі үшін кедергісіз дамуы үшін», - деп түсіндірді кездесуде ШҚО бойынша бизнес-омбудсменнің өкілі, ШҚО Кәсіпкерлер Палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Әлия Мұқашева.
ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізіп жатқан «Protecting Business and Investments» жобасын түсіндіру бойынша белсенді ақпараттық жұмыс «ГРК МЛД» ЖШС тарапынан 1 млрд. теңгеден астам сомаға бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қоюға ниет білдіру түрінде үн қосты. Компания мыс өндірумен, кенді мыс концентратына қайта өңдеумен айналысады, бұл бағыт облысымыздың өнеркәсіптік орталығы ретінде дамытудағы басым бағыттарының бірі болып табылады.
Кездесу қорытындысы бойынша шақырылған кәсіпкерлер өз бизнестерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімдерге қол қою жолында өздерінің оң ниеттерін білдірді.
[xfvalue_img]
18 пікір