Сотта іс қағаздарын жүргізу кезінде мемлекеттік тілді қолдану
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Соттағы іс жүргізуі кезіндегі мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шараға Ювеналдық сотының мамандары қатысты.
ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңына сәйкес қазіргі уақытта сотта іс қағаздарын жүргізу кезінде мемлекеттік тілді қолдану бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сонымен, міндетті түрде мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы және сотта хат алмасу мемлекеттік тілде жүзеге асырылады.
Өз сөзінде кеңсе меңгерушісі Ж.Өтегенова қазіргі уақытта мемлекеттік тіл барлық салаларда қолданылатындығын, мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға, оның беделін нығайтуға және іс қағаздарын жүргізу кезінде заң талаптарын қатаң сақтауға міндетті екенін атап өтті.
Сондай-ақ ол сот мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын арттыруға, оның ішінде мемлекеттік тілді дамытуға үлкен көңіл бөлетіндігін, іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізетіндігін айтты.
Семинарға қатысушылар сапаны одан әрі жақсарту, мемлекеттік тілдегі құжаттардың сауатты жобаларын жасау мәселелерін талқылады.
Іс-шара соңында қатысушылар жұмыста туындайтын проблемалық мәселелерді талқылады.
[xfvalue_img]
13 пікір