«Мемлекеттік тілді іс жүргізуде қолдану» тақырыбында семинар-тренинг өтті
БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Мемлекеттік тілді іс жүргізуде қолдану» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Семинарға Абай ІІБ, Орал қаласының ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары және БҚО бойынша жеке сот орындаушылар палалатасының өкілдері қатысты.
Ювеналдық сотының судьясы Жанар Ешпанова семинарды ашып өз сөзінде сот ісін жүргізудегі мемлекеттің рөлі тек қана іс жүргізуде ғана емес сонымен қатар мемлекет бойынша да өзекті әрі маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтті.
Осы соттың жетекші маманы Шаттық Закарина мемлекеттік тілде түскен азаматтық, қылмыстық, әкімшілшік істер бойынша баяндама жасады.
Орал қаласы, ІІБ Абай полиция бөлімінің аға инспекторы Бибинур Нурхатова кәмелетке толмаған жасөпірімдерге қатысты хаттамаларды толтыру, метериалдарды жинау кезіндегі мемлекеттік тілді қолдану туралы және хаттама толтыру кезінде туындайтын мәселелерді атап өтті.
Семинарға қатысушылар семинар соңында тіл туралы заңнама нормаларын және тағыда басқа сұрақ туғызған мәселелерді талқылады.
Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың
істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
[xfvalue_img]