Жол-көлік оқиғасының салдарынан болған материалдық және моральдық  залалды өндіру

Жол-көлік оқиғасының салдарынан болған материалдық және моральдық залалды өндіру

 

 Осы тақырыптағы мақаланы әдеттегідей емес, нақты туындайтын сұрақтарға жауап ретінде жіктеуді жөн көріп отырмын.

 

  1. Жол-көлік оқиғасының салдарынан болған залалды өндіру тәртібі қандай, бірінші кезекте қай мекемеге жүгіну керек?

 Егер тараптардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандырудан өткен болса, бірінше кезекте сақтанушы көлік оқиғасының және сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзiне белгiлi болғаннан бастап кiдiрiссiз, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қолдан келетiн тәсiлмен (ауызша, жазбаша) бұл туралы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан caқтандырушыға хабарлауға мiндеттi. Ауызша нысандағы хабарлама кейiннен (жетпiс екi сағат iшiнде) жазбаша түрде расталуға тиiс. Сақтанушы мен сақтандырылушы бiр тұлға болып табылмайтын жағдайларда, көлік оқиғасының және сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлау жөнiндегi мiндет сақтандырылушыға жүктеледi. Егер сақтанушының (сақтандырылушының) дәлелдi себептермен аталған iс-әрекеттердi орындау мүмкiндiгi болмаса, ол мұны құжаттармен растауға тиiс.

Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға, пайда алушының тұрғылықты жерiн, байланыс телефондарын, банктiк деректемелерiн (қажетіне қарай), сақтандыру төлемiн қолма-қол ақшамен сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар қоса беріле отырып, не банктiк шотқа аудару арқылы алу тәртібін көрсете отырып жазбаша нысанда ұсынады.

Өтініш берушінің қалауы бойынша сақтандыру төлемі туралы талап сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар электрондық көшірмелер немесе электрондық құжаттар түрінде қоса беріле отырып, электрондық нысанда жіберілуі мүмкін. Бұл ретте электрондық нысандағы сақтандыру төлемі туралы талаптар өтініш берушіні сақтандырушының орналасқан жері бойынша сақтандырушыға құжаттардың түпнұсқаларын ұсынудан босатпайды.

Осыдан кейін әкімшілік және қажеттілігіне байланыста азаматтық сотқа жүгінеді.

 

  1. Сақтандыру компаниясымен жасалған бағалау жәбірленуші тарапты қанағаттандырмайтын жағдайда қандай әрекеттер жасау қажет, сот тәртібімен даулау мүмкін бе?

 

Зиян мөлшерін айқындау қағидаларының 11-тармағына сәйкес, жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілі зиян мөлшері туралы есепті алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде онда жүргізілген зиян мөлшері есебінің нәтижелерімен келісетіні не келіспейтіні туралы белгі қояды.

Сақтандырушы айқындаған зиян мөлшерінің нәтижесімен келіспеген кезде жәбірленуші (пайда алушы) зиян мөлшерін бағалау нәтижелерін заңсыз деп тану туралы жеке талап арыз беру арқылы, не болмаса сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талаптарды сотта қарау барысында оны даулауға құқылы. Сот осындай дау туындаған кезде сот сараптамасын негізсіз тағайындауды болдырмау мақсатында сақтандырушының Зиян мөлшерін айқындау қағидаларында қамтылған талаптардың сақталуын тексереді, қажет болған жағдайда іске маманды қатыстырады.

 

  1. Қандай жағдайда жауапкершілігін сақтандырған тұлғаның сақтандыру сомасы мен залалдың нақты мөлшері арасындағы айырманы өтеу міндеті туындайды?

 Азаматтық кодекстің 924-бабына сәйкес, өзінің жауапкершілігін сақтандырған тұлғаның сақтандыру сомасы мен залалдың нақты мөлшері арасындағы айырманы өтеу міндеті тек келтірілген зиянды толық өтеу үшін сақтандыру сомасы жеткіліксіз болған жағдайда ғана туындайды.

Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін сақтандыру туралы заңның 24-бабына сай, бiр сақтандыру жағдайы бойынша сақтандырушы жауапкершілігiнiң шектi көлемi келтірілген зиян мөлшері шегінде, бірақ алты жүз АЕК-тен аспайтын сомада айқындалады. Көрсетілгенге байланысты АК-нің 924-бабы, егер мүлікке келтірілген залалдың мөлшері алты жүз АЕК-тен асып кеткен жағдайда қолданылады. Бұл ретте, залалдың нақты мөлшерін автомобильдің тозуын ескере отырып айқындау АК-нің 9-бабының талаптарына сәйкес келеді және жәбірленушіге мүлікті бұрынғы жағдайына келтіру жолымен, сонымен қатар оның тарапынан негізсіз баю мүмкіндігін болдырмай, өзінің бұзылған құқығын толық көлемде қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

 

  1. Жол-көлік оқиғасының салдарынан моральдық зиян өтелуге жатады ма?

 Моральдық зиян – жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, оның iшiнде өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан жәбiрленушiнiң, ал осындай құқық бұзушылық салдарынан ол қайтыс болған жағдайда – жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.). Сол себепті аталған санаттағы істер бойынша моральдық зиян тек жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылған жағдайда ғана өндіріледі (мысалы денсаулыққа келтірілген зиян болса). Ал залал тек автокөлікті қалпына келтіруге байланысты болған жағдайда моральдық зиян өтелмейді. Ол туралы Азаматтық кодекстің 951-бабының 4-тармағында көрсетілген, яғни азаматтың мүлiктiк құқықтарын бұзатын әрекеттер (әрекетсiздiк) арқылы келтiрiлген моральдық зиян өтелуге жатпайды. 

 

  1. Заң талаптары бойынша жол-көлік оқиғасының салдарынан болған залалды өндіру құқығы кімге берілген, яғни автокөлік иесіне немесе оны басқарған тұлғаға ма?

 

Құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне келтiрiлген залалдың толық өтелуiн талап ете алады.

Құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиiстi шығыстар, оның мүлкiнiң жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бiрақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда) залалдар деп түсiнiледi.

            Сол себепті, ол құқық тек автокөлік иесіне ғана тиесілі.

 

  1. Егер жәбірленуші тараптың автокөлігі банке кепілде болса, сақтандыру компаниясынан сақтандыру төлемi өндірілуге жатады ма?

 «Сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы № 8 нормативтік қаулысының 35 – тармағымен бекітілгендей, егер кепіл мүлкін ерікті сақтандыру шарты бойынша пайда алушы болып банк тағайындалса және қарыз алушы сақтандырылған тұлға бола отырып, осы талаппен келіскенін жазбаша білдірсе, онда ол сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемін өз пайдасына немесе пайда алушы – банк пайдасына жүзеге асыру туралы талап қоюға құқылы болмайды. Мұндай құқық пайда алушы ретінде банкке ғана тиесілі болады. Егер банк пайда алушы ретінде аталған талаптарды мәлімдемесе, қарыз алушыда зиян келтірушіге мүлікке келтірілген залалды, егер ондай болса, өтеу туралы талап қою құқығы қалады. Бұдан басқа, сақтандырылған адам сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуына шағымдану құқығынан айырылмайды.

Егер банк пайда алушы ретінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды талап ету бойынша өз құқығын сақтандырылған адамға берсе, сақтандырылған адам оның жазбаша расталуын ұсынуға тиіс.

 

  1. Жол-көлік оқиғасының салдарынан адам қайтыс болса, моральдік және материалдық залалды өндіруге кімнің құқығы бар? Талап кімге қатысты болуы қажет?

 

Азамат қайтыс болған жағдайда қайтыс болған адамның асырауындағы немесе ол қайтыс болған күнге дейiн одан жәрдем ақша алуға құқылы болған еңбекке жарамсыз адамдардың, қайтыс болған адамның ол қайтыс болғаннан кейiн туған баласының, сондай-ақ ата-анасының бiреуі, зайыбы не еңбекке қабiлеттiлiгiне қарамастан жұмыс iстемейтiн және қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерiн, жасы он төртке толмаған не аталған жасқа толса да, медицина органдарының қорытындысы бойынша денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның күтуiне мұқтаж аға-iнiлерi мен апа-қарындастарын (жас балаларды) күтумен айналысатын, отбасының басқа да мүшесiнiң зиянды өтетiп алуға құқығы бар.

      Қайтыс болған адамның асырауында болған және ол қайтыс болғаннан кейiн бес жылдың iшiнде еңбекке жарамсыз болып қалған адамдардың да зиянды өтетiп алуға құқығы бар.

      Ата-аналарының бiреуi, зайыбы не жұмыс iстемейтiн және қайтыс болған адамның жоғарыда көрсетiлген балаларын, немерелерiн, аға-iнiлерi мен апа-қарындастарын күтумен айналысатын және күтудi жүзеге асыру кезеңiнде еңбекке жарамсыз болып қалған отбасының басқа мүшесi осы адамдарды күту аяқталғаннан кейiн зиянды өтетiп алу құқығын сақтап қалады.

 

  1. Адам қайтыс болса, қандай шығындар өтелуге жатады?

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Республика соттарының денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» 1999 жылғы 9 шілде №9 Нормативтік қаулысының 12-тармағына сай, соттар өтелуге тиiс жерлеу шығындарына жерлеуге тiкелей қатысы бар қажеттi шығындар (табыт жасауға, өлген адам үшiн киiм, венок сатып алуға, зират қазуға, марқұмды жерлеу орнына жеткiзу және т.б. арналған шығындар) ғана жататынын ескеруi қажет. Ескерткiш пен қоршау орнатуға арналған шығындар да өтелуге тиiс, бұл орайда оларды әзiрлеудiң нақты сомасы алынады, бiрақ ол сол жерде орнатылған стандартты ескерткiштер мен қоршаулардың шектi бағасынан аспауға тиiс.

Ас беруге байланысты шығындарды өтеу кезінде спирт ішімдіктерін сатып алу үшін жұмсалған шығындар өтелуге жатпайды.

  1. Жол-көлік оқиғасының негізінде денсаулықтың зақымдануы салдарынан жоғалтылған табысты (кiрiстi) анықтау қалай жүргізіледі?

Өтеуге жататын жоғалтылған табыстың (кiрiстiң) мөлшерi жарақаттануына немесе денсаулығының өзгедей зақымдануына дейiнгi не жәбiрленушiнiң кәсiби еңбекке қабiлетiн, ал ол болмаған кезде - жалпы еңбекке қабiлетiн жоғалтуы дәрежелерiне сәйкес, еңбекке жарамдылығынан айырылу басталғанға дейiнгi орташа айлық табысының (кiрiсiнiң) проценттерiмен анықталады.

Жоғалтылған табыстың (кiрiстiң) құрамына негiзгi жұмыс орны бойынша да, сондай-ақ қоса атқаратын жұмысы бойынша да еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар бойынша еңбекке ақы төлеудiң жеке табыс салығы салынатын барлық түрлерi кiргізіледi. Бiржолғы сипаттағы төлемдер (пайдаланылмаған демалыс үшiн өтемақылар, жұмыстан босатылған кездегi жұмыстан шығу жәрдемақысы және басқалары) есептелмейдi. Уақытша еңбекке жарамсыздық және жүктілік пен босануға байланысты демалыс кезеңi үшiн төленген жәрдемақы есепке алынады. Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын кiрiстер, сондай-ақ авторлық қаламақы жоғалтылған табыстың құрамына кiргізіледi, бұл ретте кәсiпкерлiк қызметтен алынатын кiрiстер мемлекеттік кіріс органы деректерiнiң негiзiнде кіргiзiледi.

Табыстың (кiрiстiң) барлық түрлерi салықтар ұсталғанға дейiн есептелген сомаларда ескерiледi.

Орташа айлық табыс (кiрiс) денсаулыққа зақым келтiрудiң не еңбек қабiлетiн жоғалту басталардың алдындағы жұмыстың он екi айындағы табыстың (кiрiстiң) жалпы сомасын он екiге бөлу жолымен есептеледi. Зиян келтiрiлген кезде жәбiрленушi он екi айдан аз уақыт жұмыс iстеген жағдайда орташа айлық табыс (кiрiс) денсаулыққа зақым келтiрудiң алдындағы нақты жұмыс iстелген айларда тапқан табыстың (кiрiстiң) жалпы сомасын осы айлардың санына бөлу жолымен есептеледi.

 

  1. Бүгінгі таңдағы жол-көлік оқиғасының салдарынан болған залалды өндіру талап арыздар бойынша сот тәжірибесі қандай?

 Бұл санаттағы азаматтық істердің басым көпшілігі бітімгершілікпен аяқталады, себебі тараптарда осыған дейін әкімшілік тәртіпте тұлғаның кінәсін растайтын қаулы болады. Азаматтық тәртіпте негізгі дау залал сомасынан, сақтандыру компаниясының заңсыз сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартуынан, жәбірленуші тараптың негізсіз ұлғайтылған сомада залалды сұрауынан туындайды.

 

Орал қаласының №2 сотының судьясы А.Баймахан

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

25 пікір

  1. аватар
    Tonya 26 августа 2023 12:44

    Good day! This is kind of off topic but I need some
    advice from an established blog. Is it hard to set up your
    own blog? I'm not very techincal but I can figure things out pretty quick.
    I'm thinking about creating my own but I'm not sure where to start.
    Do you have any ideas or suggestions? Cheers

    My website: Siobhan

  2. аватар
    Paige 2 декабря 2023 10:28

    Pretty nice post. I just stumbled upon your blog and wished to say that
    I've truly enjoyed browsing your blog posts.
    After all I'll be subscribing to your feed and I hope you write again very soon!

    Feel free to surf to my web site ... brahmi in Marokko

  3. аватар
    Rachele 15 сентября 2024 14:12

    үйіңізге арналған амулет сериал майор и ведьма, они 2022 мемлекеттік қызмет түрлері слайд, мемлекеттік
    қызмет көрсету процесін жетілдіру реферат роддом актау 26 мкр телефон, роддом актау 34 мкр отзывы

    Also visit my webpage :: ұлылар үндестігі абай пушкин гете

  4. аватар
    Felix 16 сентября 2024 07:04

    колл-центр запись к врачу
    астана, запись к врачу алматы витамин а в таблетках как принимать, витамин а iherb как принимать үлкендерден
    қар аяздың түрлері жанартаулардың адамдарға қандай әсері бар, қар туралы мәлімет
    модуль крму, дот мед крму

  5. аватар
    Blythe 9 октября 2024 05:19

    байқамаймыз кейбір сәттің тәуке ханның мұрагері, тәуке ханның билікке келуі оның саясаты солтүстік жел, қазақстандағы жел түрлері intel core
    i9 цена в казахстане, процессор intel core i9-12900k

    Here is my web blog ... кітап туралы эссе 2 сынып

  6. аватар
    Nidia 13 октября 2024 17:07

    тәрбиешінің жұмыс уақыты, тәрбиеші жалақысы 2022 түсінде ақ ит көрсе, түсінде көп ит көрсе курамында 20 коспасы бар 200г, құрамында 20 қоспасы
    бар 200 кг әктастан светочувствительные препараты список, соп хранение лекарственных средств

    Review my homepage ... қазалы қаласы 19 ғасырда
    қалай аталды

  7. аватар
    Laverne 27 октября 2024 05:17

    I just could not depart your website prior to suggesting that I
    extremely loved the usual info a person provide for your guests?
    Is gonna be back continuously in order to check up on new posts

    My web page :: Irwin

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.