Автомобиль иесі сотта «Астана Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестікті жеңді
Өткен жылдың мамыр айында елорда тұрғынынан әкімшілік полиция органына жол-көлік оқиғасының фактісі туралы хабар түскен еді.
Ер адам «BMW» автокөлігіне басқарып келе жатып, жаңбыр суы жиналатын құдық қақпағының үстінен жүріп кеткендіктен оның автомобиліне материалдық залал келтірілген болатын. Осының салдарынан автокөлік құралының техникалық зақымдануынан ол 2 993 891 теңге мөлшерінде залал шекті. Бұл жағдай бағалау туралы есеп бойынша расталды.
Астана қаласы Алматы аудандық сотының шешімімен «Астана Тазалық» ЖШС-дан залал сомасы елорда тұрғынының пайдасына өндірілді.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
[xfvalue_img]