Қызылордағы түзеу мекемелерінде ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер қайта жанданды
Елімізде коронавирустық инфекциясына байланысты төтенше жағдайдың енгізіліп, карантиндік шектеулер қойылғаннан бері сотталғандардың туыстарымен кездесуіне тыйым салынған болатын. Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2020 жылғы 20 тамыздағы №49 қаулысына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде сотталғандардың туыстары және жақындарымен кездесуіне рұқсат берді.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті мекемелерінде ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер қайта жанданды.Соның ішінде, ЗК-169/5 мекемесінде(қауіпсіздігі аралас) бүгінгі күнге 42 қысқа мерзімді кездесу, 13 ұзақ мерзімді кездесу өтті. Ұзақ мерзімді кездесулер бір ғана ересек адамға, термометрия жүргізіліп, қорғаныш бетперденің( 2 дана көпреттік және 10 дана 1 реттік), ПТР-тестілеудің теріс қорытындысы болған жағдайда беріледі.
Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес, ұзақ мерзімді кездесулер 2 тәуліктен аспайды және алдын ала жазылу арқылы ұйымдастырылады. Ұзақ мерзімді кездесуден шыққан сотталғандар 14 күндік карантинге орналастырылып, өзге адамдардан оқшауланады. Бұл шаралардың барлығы сотталғандардың ауруды жұқтырмауы үшін және колонияларда тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау мақсатында қабылданып жатыр. Ал, қысқа мерзімді кездесулер қалыпты тәртіпте жүргізіледі.
«Жолдасымды төтенше жағдайдың енгізіліп, карантиндік шектеулер қойылғаннан бері көрмедім.Міне, бүгін жолдасыммен кездесіп, хал- жағдайын көзбен көріп, қуанып отырмын»,- деді сотталғанның жұбайы.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
26 пікір