Біздің бағдарымыз - Ата заң

Біздің бағдарымыз - Ата заң

 

Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихи ғаламат шешім қабылдап, жасампаз дәуірге ұтырлы қадам жасады. Табалдырығымыздан аттаған биылғы жылы елімізде Конституциямыздың қабылданғандығына 25 жыл толды. Тарих жылнамасында қалған 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру негізінде қабылданған осы күн – еліміз үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен мемлекеттік мереке, яғни Конституция күні деп жарияланды. Қабылданған Конституциямызда қазақстандық азаматтарға толымды жағдай жасалған. Ата Заңымыздың алғашқы бабының бірінші тармағында, "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" деп тайға таңба басқандай жазылғандығынан елдің әрбір саналы азаматы хабардар. Демек, барша қазақстандықтарды тұрқына, нәсіліне, жасына, жынысына қарап аражігін ажыратпай барлық азаматтарға өз құқықтарын сақтауға теңдік берілген. Ал, егер заң талаптарын біле тұра өрескел бұзса лауазым иелері атақ-даңқтарына бөлінбей, сот алдында кесілген өкіммен жазаланады. Міне, Конституцияның маңыздылығы да осында. Басты құндылығы мемлекет өз аумағының берік тұтастығын қамтып, еліміздің Тәуелсіздігіне қол сұғылмауымен қатар бөлінбеуін қамтамасыз етіп отырғандығы күллі өркениет әлеміне танылып, елімізді Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретінде мойындалғандығында. Яғни, Ата Заңымызда айқындалғандығындай біздің ұлы мақсатымыз этникалық ата тегімізге қарамай топтаса отырып, Даңқты ұлтқа айналып, ең қастерлі құндылығымыз Тәуелсіз елімізді аман сақтап, ұрпаққа аманат ету. Демек, Ата Заң біздің барлық іс-әрекетіміздің айнымас бағдарына айналуы тиіс.

Қазақстанның Ата Заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады. Әрине, тарих ауқымынан алып қарағанда, 25 жыл уақыт аз ғана мерзім. Десе де,осындай алмағайып заманда Қазақстанның Ата Заңы уақыттың сынынан сүрінбей өтті, өзінің заман талабына лайықтығын жан-жақты дәлелдеді. Ал көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік конституцияларының қатарында тұр.

Конституция – Мәңгілік Ел идеясын орнықтыруға бет түзеген, тәуел­сіздіктің жасампаздық рухы салтанат құрған жас мемлекетіміздің берік тұғы­ры. Ал «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ла­масы – кемелділік жолындағы Ата За­ңымыздың негізгі арқауын бекіте тү­сетін, елді дамытып, ізгілікке ба­ғыт­­тайтын негізгі бағдаршам деуге болады.

Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. 

Сөйтіп, айналамызға пайымды қарасақ, тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған елімізді құтты қоныс, киелі мекен еткен сан ұлт өкілдері Ата Заң қағидаттары төңірегінде топтасып отыр. Мәселең, Конституцияның қағидаларына қайшы келген заңдар және өзге де актілердің заңдылық күші болмайды. Ата Заң нормалары ағымдағы заңдармен ұштастырылуы мүмкін. Алайда ағымдағы заңдар Конституция шеңберінен шығып кетпеуге тиіс. Кез келген құқықтық актінің Ата Заңға сай келмеуі немесе оған қайшы келуі бұл құқықтық актінің заңдық күшінен айырады, оны жарамсыз етеді. Бұл – Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құрудың аса маңызды шарты. Демек, Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық заң саласының заңдық базасы болып табылады. Қазіргі кездегі еліміздегі құқық жүйесінің қалыптасуы құқықтық мемлекет құру бағытымен ұштастырылуда. Сондықтан еліміздің Ата Заңының мәні мен оның алатын орны барған сайын жоғарылауда. Қазақстан Республикасының Конституциясы ел аумағында тікелей және тура қолданылады. Бұл Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтік - құқықтық актілер нормаларынан үстемдігін белгілейтін Ата Заңдағы 4 - баптың 2 - тармағының Конституциялық нормаларынан туындайды. Осындай Конституциялық ережеге сәйкес соттар іс қарағанда, барлық қажетті жағдайда Республика Конституциясын тікелей күші бар акт ретінде қолданады. Судьялар қандай да болмасын іс қараған кезде Конституцияның принциптерін басшылыққа ала отырып, заңды дұрыс қолданулары керек. Осы орайда Ата Заң төңірегінде сөз қозғағанда әрбір адамның құқығы заңмен қорғалатынын, кемсітушілікке жол берілмейтіні тағы басқа талаптар Заң аясында шешіліп отыр.

Қолданыстағы Конституция республика өмірінде экономикалық қана емес, саяси өзгерістерге де жол ашты. Бұл Конституция мемлекеттік биліктің біртұтастығын бекіте отырып, жұмылған жұдырықтай жүйеге айналдырды. Мемлекеттік билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін күшейтті. Халық пен мемлекеттің арасындағы коммуникативтік күшке айналды. Атап айтқанда, Конституцияның қоғам өміріндегі, еліміздің тарихындағы орны бөлек. Ата Заңымыз өз өміршеңдігін көрсетті. Конституция қағидаттарына сәйкес, еліміздің демократиялық жолмен даму бағыты айқындалды. Құқықтық мемлекет қалыптастыру қағидалары қоғамда және азаматтардың санасында түпкілікті бекітіліп, өз жемісін беруде. Конституция Қазақстан мемлекеттігінің нығаюына, еліміздің дамуына, халқымыздың өсіп-өркендеуіне негіз қалап берді.

         Мәселенің мәнісі, судьялар съезінде Елбасы өзі айтқандай, "Халқы заңын сыйлайтын, сотына сенетін қоғам - ең дамыған қоғам. Біздің мақсатымыз - дәл осындай қоғам құру". Біз міне, Тұңғыш Президентіміз атап көрсеткеніндей Ата Заң негізінде ізгі мақсаттарға сай жұмыстана бермекпіз. Бұл заң тұрғысындағы парызымыз һәм адамгершілік қарызымыз.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бастан кешкен қиын-қыстау кезеңде де, қазіргі даму кезеңінде де Конс­титуцияның ел өмірінің барлық саласында тура жол сілтеп, кемел­денудің алтын арқауына айналғанын өмірдің өзі айқын дәлелдеп отыр.

 

Азамат Борамбаев

Орал қаласының №2 сотының төрағасы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.