Жемқорлықпен күрес-біздің ортақ борышымыз.

Жемқорлықпен күрес-біздің ортақ борышымыз.

 

Жемқорлық-ең қауіпті әрі барлығын елітуші, мемлекеттің қауіпсіздігіне әсер ететін, әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың қатарына жатқызылады. Мемлекеттің құрылымы мен дәстүріне қарамастан оның зиянды әсері кез келген елде сезіледі. Оны түбегейлі жою ешбір мемлекеттерде орын алмай отыр, бірақ, қоғамдағы жемқорлықтың табалдырығын еңсертуге мүмкіндік бар.

Соңғы жылдары Қазақстанда жемқорлыққа қарсы күресте, мемлекеттік басқарудың ең жоғарғы деңгейінде көп көңіл бөлініп жатыр.

Қазақстан Республикасы- дамудың алғашқы сатысында жемқорлық құқықбұзушылықтарына қарсы күреске үлкен назар аударған посткеңестік кеңістіктегі бірінші мемлекет болып табылады және 1998 жылдың 2-шілдесінде "жемқорлықпен күрес" туралы заңы  Қазақстан Республикасының қабылданды.

1997 жылы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде "Мемлекеттің мүддесіне қарсы қылмыстар" деп аталатын 13-тарауында лауазымды тұлғалардың жасаған қылмысы бекітілді. 1998 жылдың қыркүйегінде ел басының жарлығымен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігі құрылды. Қазақстан Республикасының "мемлекеттік қызмет" туралы Заңында жемқорлық құқық бұзушылық әрекеттерін жасаған тұлғаларға мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндігін шектеуге, мемлекеттік қызметшілерге салынатын айыппұлдың тәртібіне қатысты жемқорлыққа қарсы ережелер бекітілді.

Бұдан өзге, жемқорлыққа төзбеушілік  күрес нысанасы, мемлекеттік саясат туралы, көптеген құжаттарда,  сонымен қатар Президентіміздің жыл сайынғы жолдауында бекітілген.

Бұл маңызды реформалардың қатарын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Осылардың қатарында, Қазақстан БҰҰ-ның жемқорлыққа қарсы Конвенциясын бекітіп және оның жекелеген қағидаларын енгізуге бағытталған заңнамалар қабылдап, 2011-2015 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегиясын бекітті, қаржы полициясына арнайы жемқорлыққа қарсы органның құзіреттілігін айшықтап берді, заңды тұлғалардың жемқорлық құқықбұзушылық әрекеттері үшін жауапкершілігі туралы заң жобасының оқылуына бірінші болып қатысты.

2010 жылғы жемқорлыққа қарсы кезекті стратегияның тәмамдалуымен 2011 жылы Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы Салалық бағдарлама түріндегі 2011-2015 жылдарға арналған жаңа бағдарламалық құжат бекітілді.

Сыбайлас жемқорлық, оның масштабы, ерекшелігі мен динамикасы елдің жалпы саяси, әлеуметтік және экономикалық проблемаларының салдары болып табылады. Сыбайлас жемқорлық әрқашан ел жаңару кезеңінде артады. Қазақстан қазір тек жаңаруды ғана емес, әлеуметтік, мемлекеттік және экономикалық негіздерді түбегейлі өзгертуді бастан кешуде.

Президенттің талаптарына сәйкес прокуратура органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске үлкен мән береді.

Республиканың Бас прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар алдын-алу шараларын әзірлеп, жүзеге асырды. Прокуратураның осы саладағы қадағалау қызметі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың уақытылы алдын-алуға, олардың себептері мен жағдайларын анықтауға және жоюға бағытталған.

Сонымен қатар, прокуратура органдары сыбайлас жемқорлыққа өз қатарында қарсы тұру үшін және прокуратура органдары мен мекемелерінің қызметкерлеріне арналған Ар-намыс кодексінің талаптарын қатаң сақтау, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру үшін алдын-алу шараларын жүргізуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимыл нысандарын кеңейтуде қалалық және аудандық прокуратуралардың қызметі күшейтілді.

Прокурорлар қабылдаған шаралардың алдын-алу әсерін күшейту үшін тексеру барысында анықталған әрбір бұзушылықты бақылауды және оны түзету үшін және жағымсыз әсерді теңестіру үшін заң бұзушылықтарды нақты жоюды қамтамасыз ету қажет. Осыған байланысты прокурорлық қадағалаудың сапасы мен тиімділігін үнемі арттыру қажет, оның ішінде нысандары мен әдістерін жетілдіру.

Осы жұмыстың аясында прокуратура органдары құқық қорғау органдарының үйлестіру функциясының тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдауда.

Күш біріктіре отырып, біз, қазақстандықтар, әлеуметтік зұлымдықты - жемқорлықты жеңе аламыз.

Кез-келген мемлекеттік құрылымдарды ең бастысы - шенеуніктер пайда таба алмайтындай етіп реттеу. (Аристотель)

Қазақстанда жемқорлық биліктің жоғарғы эшелондарына жетті. Біздің демократиялық елімізде не болып жатыр?

Біз табиғи ресурстарға бай елде өмір сүріп жатырмыз, олар бізге ғана емес, сонымен бірге қазақстандықтардың кейінгі ұрпақтарына да тиесілі. Біздің міндетіміз - бұл байлықты бүкіл халықтың мүддесіне дұрыс пайдалану.

«Сыбайлас жемқорлық» деп аталатын ауру әлемнің көптеген елдеріне, әсіресе табиғи ресурстарға ие және нарықтық экономика мен демократиялық басқару құруға бағытталған елдерге әсер етеді. Сыбайлас жемқорлықтың жойқын салдары Нигерия, Индонезия, Венесуэла, Ангола, Эквадор елдерінің экономикаларына әлі де әсер етуде, сонымен қатар ол АҚШ және Италия сияқты дамыған елдерде де кездеседі.

Біз «гүлденген Қазақстандағы үлкен мүмкіндіктер туралы» ұзақ уақыт сөйлесе аламыз. Бірақ оның бір үлкен кемшілігі бар, ол - жемқорлық. Пара алу үшін сізге ақыл қажет емес Ол заңдарды елемейді, сайлауды, саяси партиялар мен қоғамдық институттарды мағынасыз етеді, билік вертикалын бұзады, әлеуметтік жағдайы нашар азаматтар үшін әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін іс жүзінде жояды.

Бұл әділетсіздікке жағдай жасайды. Мемлекеттің әлеуметтік қорғауға кепілдіктерін жоққа шығарады, орташа және төменгі табысы бар халықтың топтарының тез кедейленуіне ықпал етеді. Неліктен сыбайлас жемқорлық біздің елімізде нормаға айналды? Біз қайда бара жатырмыз?

Сыбайлас жемқорлық күн сайын адамдардың материалдық әл-ауқатына зиян келтіреді, кең көлемде мемлекет пен экономикаға үлкен зиян келтіреді. Сыбайлас жемқорлық ұлттық және халықаралық бизнеске айналды, оның айналымы мұнай кірісі мен есірткі саудагерлерінің пайдасынан асып түседі. Соңғы есептеулер бойынша, халықтың табысының 30-дан 50 пайызға дейін пара алуға кетеді, ал олардың көлемі мемлекеттік бюджет көлемінен асып түседі.

 

Қазақстан Республикасы Әскери соты Әкімшісінің Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің маманы сот приставы  А.Танатов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.