Батыс Қазақстан облыстық соты заңдағы өзгерістерді талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді
Батыс Қазақстан облыстық сотында облыстық соттың судьялары, облыстық прокурорлар және қылмыстық атқару жүйесі Департаменті өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ақан Жұмағұлов іс-шараны ашып, күн тәртібіндегі негізгі мәселелермен таныстырып өтті.
Кездесу барысында тәжірибелі заңгерлермен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсанындағы Заңы, сонымен қатар 62, 77 баптарында туындаған мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ, кездесу барысында облыстық соттың судьясы Н.Дильдабековтың, Орал қалалық сотының төрағасы Р.Жұмағұловтың баяндамалары тыңдалып және оларды сотта қарау барысында туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесу соңында қатысушылар өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстар пысықталды.
Олеся Ташимова
Батыс Қазақстан облысы
[xfvalue_img]
7 пікір