Кез келген қашықтан сот отырысына қатысуға болады
Тәуелсіздік алғаннан бері еліміздің игілігі үшін қабылданған заңдардың арқасында мемлекетіміз көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Қоғам дамыған сайын қоғамның даму белгісін айқындайтын, оның бағдарын белгілейтін заңдар да жетілдіру үстінде. Сот жүйесі де өкілеттігін адам мен адамзаттың құқығы мен бостандығын қорғайтын Қазақстан Республикасының біртұтас экономикалық және құқық кеңістігі жолында жүзеге асыратын – биліктің дербес, тәуелсіз тармағы ретінде шешуші қадамдар жасауда.
Сот процесіне қашықтан, яғни әлемнің кез келген жерінен интернет арқылы қатысуға болады. Сонымен қатар, қазіргі төтенше жағдайға байланысты соттағы онлайн отырыстар – қауіпсіздіктің кепілі болып табылады. Азаматтар ауыл мен ауданның, облыстың арасында жол жүргенде де ешкім төтенше жағдайдың болмысына кепілдік бермейді. Әрі қашықтан сот отырысына қатысу сырқат жұқтырудан сақтайды. Мәжіліс залында сақтық шараларын сақтау керек болса, онлайн отырыста өзіңе ыңғайлы жерде, ештеңеге алаңдамай, іске қатысуға кедергі болмайды.
Мәселен, Мұғалжар аудандық сотында қай іс болмасын тараптар шалғай ауылдар мен басқа облыстардан смартфон арқылы сот отырысына онлайн режимінде қатысып жатыр. Виртуалды бейнеконференцбайланысы арқасында сот отырысының қатысушылары бір-бірін көріп, тараптардың дәлелдерін есту мүмкіндігіне ие болуда.
Осылардың бәрі сот отырысына қашықтан жүргізудің тиімді, пайдалы, қолайлы екенін және уақыт жағынан ұтымды екенін айтуға болады.
Мұғалжар аудандық сотының кеңсе бас маманы А.А.Шекенова
[xfvalue_img]