Дауды шешудегі медиатордың үлесі
Ақжайық ауданының №2 аудандық сотына талап қоюшы жауапкерден 400 000 теңге материалдық шығын және 200 000 теңге моральдық зиян өндіру туралы талап арызбен жүгінгнен болатын.
Жауапкер талап арызбен келіспей, өз пікірінде көптеген қарсы уәждерін келтіріп, бұл дау ұзаққа созылып, шешілмейтіндей көрінді.
Істі қарау барысында сот өз бастамасымен тараптарды бітімге келтіру үшін медиатор шақырып, оларға татуласу үшін мерзім берді.
Нәтижесінде, сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтініш білдірді. Оның шарттарына сәйкес талап қоюшы талабынан бас тартып, жауапкер осы шартпен келісіп, тараптар өзара келісімге келіп, азаматтық істі қысқартуды сұрады.
Осы жерде атап өтетін бір жайт, тараптардың да, соттың да пікірінше, даудың бейбіт жолмен шешілуінде Базаршолан ауыл округінің кәсіпқой емес медиаторы О.Ермуханованың үлесі зор. Өмірде көрген-түйгені көп, үлкен еңбек жолынан өткен, ауылдастарының алдында сыйлы, беделді медиатор тараптарға бітімге келудің артықшылығын көрсете білді. Бір ауылда тұратын талап қоюшы мен жауапкердің арасында біраздан бері созылып келе жатқан дау басылып, тараптар сыйластық қарым-қатынасын сақтап қалды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
А.А.Масенова.
Ақжайық ауданы №2 аудандық сотының бас маманы
[xfvalue_img]