Азаматтық дау медиация тәртібімен қысқартылды
Мұғалжар аудандық сотымен талап қоюшы Н-ның жауапкер Е-ден қарыз өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Істің мәніне сәйкес, тараптар арасында шарт жасақталып, талап қоюшы жауапкерге құны 500 000 теңгені құрайтын тауарларын қарызға берген. Алайда, міндеттеме орындалмағандықтан, талап қоюшы сотқа талап арызбен жүгініп, жауапкерден қарыз ақшасын өндіруді сұраған.
Тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасып, оны бекіту туралы сотқа өтініш жазған.
Соттың ұйғарымымен азаматтық іс бойынша медиациялық келісімі бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
[xfvalue_img]