АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРІ ОРЫН АЛУДА

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРІ ОРЫН АЛУДА

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшылығы және полиция органдары қызметкерлерінің қатысуымен бейнеконференцбайланыс арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кеңес өтті.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 200-бабының негізінде автокөлікті оның иесінің рұқсатынсыз заңсыз есептен шығару фактісі бойынша аудандық полиция бөлімінің мемлекеттік автоинспекторына қатысты қылмыстық іс шеңберінде ұсыну қаралды.

Алдағы уақытта осындай фактілерді болдырмау мақсатында облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі нақты мерзімдері көрсетілген тиісті ұсыныстарды енгізді.

Айта кету керек, осы саладағы қылмыстардың басым бөлігі пара алумен және лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланумен байланысты.

Соңғы бірнеше жыл ішіндегі жедел-тергеу тәжірибесін талдау полиция органдары қызметкерлері параларының көпшілігі құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға заңды шаралардың қабылданбауына байланысты екенін көрсетті. Сонымен қатар, талдау көрсеткендей, сотталған қызметкерлер ұсталған құқық бұзушыны босатқаны үшін, жасалған қылмыс туралы материалдарды тіркемегені үшін, қылмыс тоқтату туралы қаулы шығарғаны үшін пара алды. Мұндай әрекеттер әкімшілік ұстау туралы хаттамаларды, оқиға болған жерді қарау хаттамаларын бұрмалаумен, зардап шеккендер мен куәгерлердің жалған түсініктемелерін жасаумен байланысты болды.

 «Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан тәртіп пен заңдылықтың бұзылуы, сондай-ақ, полиция органдарындағы сыбайлас жемқорлық көріністері жоғары деңгейде қалып отыр. Құқық тәртібі мен заңдылықты нығайту құқық қорғау қызметін атқаратын адамдарға тікелей байланысты екенін есте сақтау қажет. Сондықтан, қызметтік міндетке адалдық, адамгершілік қағидаттарды сақтау тиімді қызметтің міндетті шарты ғана емес, сонымен қатар, қоғам тарапынан сенім білдіру құқығын қамтамасыз етеді», - деп, онлайн-кездесу барысында аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Арман Рахимов атап өтті.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.