Алкогольден мас күйінде көлік жүргізгендерге жаза қатал

Алкогольден мас күйінде көлік жүргізгендерге жаза қатал

 

Өздеріңізге белгілі қазіргі қоғамда қызу пікір талас тудыратын өзекті мәселелердің бірі – ол мас күйінде көлік құралын жүргізу болып табылады. Еліміздегі статистикалық мәліметке сүйенетін болсақ, өткен жылы жол полиция қызметімен 26 000 мыңнан астам жүргізуші ұсталған. Осы мас күйінде көлік жүргізетін жүргізушілер жөнінде талай айтылып та, жазылып та келеді, алайда шығар қорытынды көрінбейді. Күнделікті газет-журналдардың бетін ашып қарасаңыз осы алкогольдік мас күйінде көлік жүргізгендердің кесірінен қанашама шаңырақ қайғы жамылып, ал қалғандары мүгедек болып, балалар ата-анасынан, ата-ана балаларынан айырылып жатқандығын әлеуметтік желілер немесе бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінен оқып та, көріп те жүрсіздер. Қазіргі таңда өмірімізді автокөліксіз елестету мүмкін емес. Мектеп бітірген балаға да, жоғары оқу орнын бітірген студентке де ата-анасы қарызданып, қауғаланып, ал кейбірі балам қатарынан қалмасын деп несиеге де машина алып беру үйреншікті әдетке айналғандыған көреміз. Есірген жас балалар ата-анасынан тырнақтап жиған ақшасына алып берген машинасын алкогольге тойып алып мас күйінде достарын тиеп алып, бірі-бірімен жарысып, жылдамдықты қатты асырып нәтижесінде қаншама отбасы қайғы-қасіретке тап болуда. Көлікті біз күнделікті өмірімізге қажетті құрал деп есептесек, ал балалар үшін ол достарына мақтану, есіріп жарысу, бейне-бір ойыншықтай көрінері ақиқат. Музыканы бар дауысына қойып алып жүйткіп бара жатырған неше түрлі көліктің тізгінін ұстаған жастар әртүрлі жастардың сөзімен «дрифт» дегенді жасауға әуес, ал ол дегеніңіз жақсы дайындалған, талай жылғы автожарыстардың небір жүйріктерінің қолынан да оңай келмейтін шаруа болып табылады. Ал сондайға еліктеген мына сіз бен біздің балаларымыз мас күйінде неше түрлі трюктер жасаймыз деп соңы қайғылы оқиғаларға душар етіп жатқандығында білесіздер. Аудандық сотта осы бап бойынша қаралған істердің көпшілігі дерлік жастарымызға қатысты болып отыр, араларында үлкен ер азаматтарда бар.

Осы өзіміздің аудан көлемінде де ондай қайғылы оқиғалар саны жылдан-жылға көбеймесе азайып отырған жоқ. Ішімдік ішкен жүргізушілердің кінәсінен жыл басынан елімізде 495 жол апаты орын алып, 98 адам  қара жолдың бойында ажал құшса, 716 жолаушының денсаулығына зиян келіп, зардап шеккен. Жол апатына кінәлі  жүргізушілердің  жеңіл  жазамен құтылып кетіп жатқан жағдайлары талай  мәрте қоғамның наразылығын тудырғаны  да жасырын  емес.

         Енді ащы судан ұрттап, ішімдікке сылқия тойып алған жүргізушілердің жол бойында сайран салуына  жол берілмейді.

2019 жылдың соңында  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік  заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар  енгізу  туралы» заңға сәйкес, 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап көлікті мас күйінде жүргізгені  үшін  жаза күшейтілгені баршаңызға мәлім.

         Заңға өзгеріс енгізілгенге дейінгі жолда жүріс қағидасының талабына  сәйкес, мас күйінде автокөлікті басқарып ұсталған жүргізушіге қатысты көлік жүргізу құқығынан екі жылға айырып, 40 күнге дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолданылса, жаңа норма бойынша, мұндай заң бұзушыларға жол-көлік апатын жасамай–ақ, азаматтарға зиян келтірмесе де,15 тәулікке қамау жөнінде әкімшілік  жаза тағайындалып, 7-жылға дейін жүргізушілік құқығынан айырылады. Аталған құқық бұзушылық  қайталанған жағдайда, қамау  мерзімі 20-тәулікке  дейн, ал автокөлікті жүргізу  құқығынан айыру 8-жылға дейін  ұзартылады. Азаматтардың денсаулығына  нұқсан келтірген жол-көлік оқиғасына себепші болған мас жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, 3 жылға дейін бас бостандығынан және 10 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылады.  Он жылға бас бостандығынан айыру – жол апаты салдарынан адам өлімі орын алған жағдайда тағайындалатын ең ауыр жаза болып табылады. Мұндай жағдайда кінәлі адам 7 жылдан 10 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан және автокөлікті жүргізу құқығынан өмір бойына айырылатын болады.

Сонымен қатар, егер азамат бұрын жүргізу құқығынан айырылған болса және мас күйінде автокөлікті басқарса, онда оған бірден әкімшілік жаза емес, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру сияқты қылмыстық жаза қолданылады. Көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы бұл жерде қарастырылған. Қатаңдатылған жаза тек мас жүргізушілерге ғана емес, жолда жүру қағидаларының талабын бұзған сау жүргізушілерге де қатысты екенін айтып өткеніміз жөн.

Айта берсеңіз бұл жөнінде әлі талай-талай жаза беруге болады. Қазіргі қоғамда маскүнемдік пен арақ ішу ең басты проблема болып табылары сөзсіз.Соның ішінде осы мас күйінде көлік жүргізгендердің саны күн санап артып келеріде шындық. Қай-қай кезде де ең алғашқы тәрбие отбасынан басталады десек, ең алдымен әрбір ата-ана баласының тәрбиесіне жете көңіл бөлуі, ал соның ішінде автокөлік жүргізетін балалары барлар одан да жете бала тәрбиесіне қатты мән берулері керек деп есептейміз. Ел боламын десең, бесігіңді түзе дегендей дана халқымызда, еліміздің болашағы мен келешегі осы өскелең жас буын, біздің балдарымыздың қолында екендігін ұмытпағандығымыз жөн болар. Қорыта келе айтарым сау жүрсең, сақ жүрерсің, тек жүрсең, тоқ жүресің демекші, есірген мастықпен көлік жүргізудің арты қашанда болмасын қайғылы аяқталатыны сөзсіз ақиқат болып табылады.

 

М.Р.Құсайынов

Теректі аудандық сотының судьясы                                  

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

25 пікір

  1. аватар
    Bruno 9 сентября 2024 03:52

    достыққа байланысты мақал-мәтелдер, достық татулық туралы мақал мәтелдер педагогика қандай ғылым,
    педагогика ғылымының функциялары бу автомобиль
    в рассрочку, рассрочка авто алматы бу қызылорда
    облысы, қызылорда облысының әкімдігі сайт

    Also visit my homepage: земельные правоотношения рк

  2. аватар
    Eulalia 17 сентября 2024 17:44

    бесеудің хаты кімге жазылды, бесеудің хаты голощекин алтын ұрпақ олимпиада сертификат, алтын ұрпақ тест жауаптары майор гром сколько частей, с замиранием сердца 2 сезон таблетки от цистита без рецепта, лучшее лекарсткак подать заявление в загс в казахстане онлайно от цистита
    для детей

  3. аватар
    Shelby 21 сентября 2024 17:58

    эссе на тему солнечная энергия,
    солнечная энергия минусы енпф задать вопрос, енпф проверить накопления
    миллионер тойхана шымкент адрес, кудалык шымкент жаңа жылға хабарландыру, жаңа жылға тақпақтар

    Here is my website :: бала тунде шошып жыласа

  4. аватар
    Delores 6 октября 2024 17:19

    дауыл себептері, дауыл салдары шоколадная выставка шоколандия
    отзывы, музей шоколада шоколандия
    іш өту тоқтату дәрісі, іш өту кезіндегі алғашқы көмек платные дороги в казахстане сайт, цены на платные
    дороги в казахстане

    My website ... мектепке дейінгі ойынның түрлері

  5. аватар
    Madonna 14 октября 2024 14:38

    ербол сыпатаев слайд, ербол сыпатаев қай жылы туылды аяқталған
    фанфик, түнгі ләззат мен сиға
    тартқан орамал скачать,
    еркін нұржанов роза әлқожа сен сыйға тартқан орамал әлем
    балалар көзімен менин арманым эссе 5 сынып, әлем бала көзімен

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.