ҚР АПК-не соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар туралы Заңының талаптары бойынша дөңгелек үстел өтті

ҚР АПК-не соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар туралы Заңының талаптары бойынша дөңгелек үстел өтті

 

Батыс Қазақстан облыстық сотында "ZOOM" платформасы арқылы онлайн режимінде сот жұмысының заманауи форматтарын енгізу, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша азаматтық-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтыруларды жүзеге асыру бойынша дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге БҚО прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Д.Нұрсұлтанова, Орал қаласы прокуратурасының бөлім бастығы А.Нұрманов, Орал қаласы прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры Д.Тәжімбет, БҚО әкімдігі мемлекеттік-құқықтық бөлімнің бастығы Г. Рахметова, БҚО әкімдігі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас инспекторы Ж. Жамашұлы, БҚО Нотариалдық палатасының төрайымы Н.Елегенова, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Н.Максотов, заң консультанттары палатасының төрағасы Р.Телеупов, БҚО бойынша адвокаттар алқасының төрағасы Е.Қалиев, Орал қаласының МКБ заң бөлімінің басшысы Р.Қабақов, БҚО МКД камералдық бақылау басқармасының басшысы К.Кенжегужин, БҚО МКД аудит басқармасы басшысының м. а. О.Никитин, заң бөлімінің бас маманы Н.Есетов.

Дөңгелек үстелдің модераторы облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы Қайрат Адранов жаңа заңның мәні мен мазмұнын түсіндірді.

Өз кезегінде, облыстық соттың судьясы С.Жұмабекова азаматтық процестегі негізгі өзгерістер мен заңнаманың новеллаларын егжей-тегжейлі түсіндіріп, бұл өзгерістер азаматтық процестегі дауды барынша толық шешуге бағытталғанын атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында облыстық соттың судьясы Л.Устағалиева соттардағы бітімгерлік рәсімдерінің ерекшеліктерін, апелляциялық, кассациялық сатыдағы соттардың сот өндірісіндегі өзгерістерді, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот шешімдерін қайта қарау және төрелік шешімдерді даулау туралы айтып өтті.

Талқылау барысында бітімгерлік рәсімдерді жүргізу кезінде өзге де өтінішті қабылдау талап арыз түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылатыны айтылды.

Егер тараптар талап арыз қабылданғанға дейін судьяның жәрдемдесуімен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге қол жеткізбесе, іске қатысы бар материалдар осы Кодекстің 35-бабының жетінші бөлігінде көзделген тәртіппен басқа судьяға қарауға беріледі.

Тараптардың келісімімен істі медиацияны жүргізген судья қарауы мүмкін.

Сонымен қатар, партисипативтік рәсімнің құқықтық табиғаты жаңа заң бойынша адвокаттардың ғана емес, сондай-ақ "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын тұлғалардың да қатысуын көздегені айтылды.

Сондай-ақ, судьялардың қосымша өкілеттіктері, соттың бастамасы бойынша дәлелдемелерді талап ету, соттың талап қою талаптарын түзетуде көмек көрсету заңдылығы және басқада да өкілеттіктерді жүзеге асырудағы мүмкін даулы сәттері талқыланды.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша іс жүргізу заңнамасын қолданудың бірыңғай тәжірибесін қалыптастыру үшін өзекті мәселелер тізбесі әзірленді.

                              

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.