Әкімшілік заңнамадағы өзгеріс туралы

Әкімшілік заңнамадағы өзгеріс туралы

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстен тұрады.

Осы Кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгілері бар іс-әрекет жасау әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады.

Осы кодекспен белгіленген жауаптылық Қазақстан Республикасының аумағында жасалған, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте сол үшін әкімшілік жауаптылық көзделген, жеке тұлғаның құқық қарсы, кінәлі  (қасақана немесе абайсызда жасалған) әрекеті не әрекетсіздігі бұзушылық болып танылады.

Кодекстің Ерекше бөлігінің баптарында көзделген құқық бұзушылықтар үшін, егер бұл құқық бұзушылықтар өзінің сипаты бойынша заңнамаға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, әкімшілік жауаптылық туындайды.

Әкімшілік жауаптылыққа әкімшілік құқық бұзушылық аяқталған немесе оның жолын кескен кезде он алты жасқа толған, ақыл-есі дұрыс жеке тұлға, сонымен қатар заңды тұлға жатады.

Әкішілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалу сипаты, құқық бұзушының жеке басы, жауаптылықты жеңілдететін, ауырлататын мән-жайлар ескеріліп, ескерту, айыппұл, әкімшілік қамаққа алу, көлік құралын жүргізу құқығынан айыру, қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу түріндегі негізгі және қосымша жазалар көзделген.

Әкімшілік жаза құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзінің де, басқа тұлғалардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

Әкімшілік жаза әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаға дене азабын келтіруді немесе адами қадір-қасиетін қолдауды, сондай-ақ заңды тұлғаның іскерлік беделіне зиян келтіруді мақсат тұтпайды.

Отбасы – тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетілу, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру, ұрып-соғу, әйелге қарсы күш көрсету, тұрмыстық зорлық-зомбылық, адам денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіру, көлік құралын алкогольдік ішімдік ішкен күйінде басқару, қоғамдық орындарда былапыт сөз сөйлеу, алкогольдік ішімдік ішу немесе масаң күйінде жүру, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтарын мен міндеттерді орындамау сияқты құқықбұзушылықтар азаймай тұр. Бұған себеп адамдардың немқұрайдылығы және азаматтардың алкогольдік ішімдік ішуге әуестігі.

2020 жылдың 11-қаңтарынан бастап жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген болатын. Осы өзгерістер туралы аудандық сот ауылдық округтің тұрғындарымен кездесулер өткізіп, заңға енгізілген өзгерістер туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.

Осы енгізілген өзгеріске тоқталсақ, көлікті масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік жазалау шарасы күшейтіліп, бұл әрекет жол жүру ережесінің қағидаларын дөрекі бұзу деп танылды (ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-8 бөліктері). Қайталап жасауына және оның құқықтық салдарларына қарай тұлғаны көлік жүргізу құқығынан бес жылдан тоғыз жылға дейін мерзімге айыра отырып, он бес тәуліктен отыз туәлікке дейін әкімшілік қамаққа алуға жазасы тағайындалады. Әкімшілік жазалау шарасы қатаңдатылсада жол жүру ережесінің талаптарын бұзу әлі де орын алып отыр. 2019 жылдың 6 айында 17 тұлға, ал 2020 жылдың осы кезең ішінде 14 тұлға әкімшілік жазаға тартылды. Ал, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады.

«Құқық бұзушылық профилактикасы» туралы Қазақстан Республикасының заңына сай жергілікті атқарушы орган және ішкі істер органдары өздерінің құзыреті шегінде азаматтарға құқықтық тәрбие беруге қатысып, құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдануы тиіс. Адамдардың құқықтық санасын, мәдениет қалыптастыру үшін құқықтық жаппай оқыту, құқықтық насихат жүргізудің маңызы зор деп санаймын. Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалар да әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамамен белгіленген шектеулерді қабылдап, тәртіпті сақтау қажет.

 

 Г.Т.Сагитова                               

 Бөкей ордасы аудандық сотының төрағасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.