Сот талқылауында аудармашы - процестік тұлға
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 14 бабымен бекітілген қағидаттарға сәйкес, азаматтық іс бойынша сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал заңда белгіленген жағдайда басқа тілдер де қолданылады.
Сот ісін жүргізу сотқа талап қою арызы (арыз) берілген тілде жүзеге асырылады.
Ал іс жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе жеткілікті білмейтін іске қатысатын адамдарға сотта ана тілін немесе өзі білетін басқа да тілді пайдалану құқығы берілген және мұндай адамдарға аудармашының қызметі тегін қамтамасыз етіледі.
2020 жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасының президенті қол қойған ҚР Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңымен сот талқылауына қатысушыларға заңнамалық талаптарды күшейту үшін аудармашының процестік тұлғасы енгізілген.
Ағымдағы жылдың 20 маусымында қолданысқа енетін Азаматтық процестік кодекстің 56-4 бабына сай, егер іске қатысатын адам, сондай-ақ куә, сарапшы, маман іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тілді білмеген жағдайда, сонымен қатар, жазбаша құжаттарды аудару үшін қажетті тілдерді меңгерген және іске мүдделі емес адам аудармашы ретінде шақырылады.
Аудармашы тағайындау туралы төрағалық етуші хаттамалық ұйғарым шығарады.
Бұдан басқа, аталған баппен аудармашының құқықтары мен міндеттері белгіленген.
Осы баптың қағидалары сурдоаударма жасау дағдыларын меңгерген және сот процеске қатысу үшін тартқан адамға қолданылады.
Ақжайық ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Т.С.Гумарова
[xfvalue_img]
23 пікір