Мемлекеттік тілдің сот ісін жүргізудегі маңызы

Мемлекеттік тілдің сот ісін жүргізудегі маңызы

         Мемлекеттіліктің басты белгісінің бірі және бірегейі-мемлекеттік тіл болса, ал оның тағдыры жеке адамдар, топтар шешетін жай шаруа емес. Мемлкеттік тілдің аясын кеңіту, тұтынуын тереңдету сияқты ой-пікірлер, үгіт-насихаттар бүгінгі күні аз айтылып жатқан жоқ. Дегенменде осы мемлекеттік тілді қолдануды кеңейту заңдылық тұрғысынан қалай орындалуда, мемлекеттің тілге байланысты заңдардың сақталу және орындалуы қай деңгейде. Міне, бүгінгі күннің негізігі тақырыбы осы болуға тиіс.

         Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

         Ата заңның 14-бабында заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды деп көрсетілген.

         Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 14-бабы сот ісін жүргізу тілі институтына арналған.

         Азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал заңда белгіленген жағдайларда басқа тілдер де қолданылады.

         Алайда, тәжірибеде сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою арызы (арыз) берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Сол бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады.

         Істі сот талқылауына дайындау кезінде екі тараптың да жазбаша өтінішхаты бойынша сот ұйғарыммен сот ісін жүргізу тілін өзгертуге құқылы.

         Егер істі бірінші сатыдағы сотта қарауға дайындау барысында талап қоюшының өз өкілі талап қою арызы (арыз) берген тілді білмейтіні анықталса, онда сот талап қоюшының жазбаша өтінішхаты бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады.

         Іс жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе жеткілікті түрде білмейтін іске қатысатын адамдарға сотта ана тілінде немесе өздері білетін басқа да тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен айғақтар беру, өтінішхаттар беру, шағымдар жасау, сот актілеріне дау айту, іс материалдарымен танысу, сөз сөйлеу; ҚР АПК-де белгіленген тәртіппен аудармашының қызметтерін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.

 

         Сот азаматтық сот ісін жүргізуде сот ісін жүргізу тілін білмейтін адамдарға заң бойынша оларға қажетті іс материалдарының аудармасын тегін қамтамасыз етеді. Сот іске қатысатын адамдарға сотта сөйлейтіндердің басқа тілде сөйлейтін бөлігін сот ісін жүргізу тіліне аударуды тегін қамтамасыз етеді.

         Іске қатысатын және сот ісін жүргізу тілін білмейтін, істегі құжаттарды беру туралы жазбаша түрде өтініш берген адамға сот құжаттары өзінің ана тіліне немесе ол білетін басқа тілге аударылып табыс етіледі.

         Істі сот талқылауына дайындау аяқталғаннан кейін тараптар мен іске қатысатын басқа да адамдар ұсынатын, сот ісін жүргізу тілінде дайындалмаған құжаттарға сот ісін жүргізу тіліне аудармасы қоса берілуге тиіс.

 

А.Ибраев

Астана қаласы Есіл аудандық сотының сот приставы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

11 пікір

  1. аватар
    Wilhemina 18 сентября 2024 22:29

    тмд елдерінің топырақтары., арктика топырағы атмосфералық және климаттық құбылыстардың атауы презентация,
    метеонимдер деген не дена басты, онкологичепоздравление с днем рождения дочери на
    казахском
    кий центр алматы телефон спорт
    бар актобе, 13 сектор актобе телефон

  2. аватар
    Ola 27 октября 2024 08:03

    Hi there! I could have sworn I've been to this website before but after
    checking through some of the post I realized it's new to me.
    Anyways, I'm definitely happy I found it and I'll be book-marking and checking back often!

    Look into my webpage - agstart.ru

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.